Қарағандылық оқушылар стартапер рөлін сынап көрді

Қарағандылық оқушылар стартапер рөлін сынап көрді

Қарағанды қаласында басты кейіпкерлері балалар болған ерекше эстафета өтті. “Терриконовая долина” IT-хабында 9 бен 12 жас аралығындағы оқушылар стартаптарды нөлден бастап құру бойынша кейс-ойынға қатысты. Бұл іс-шара Қарағанды облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы ұйымдастырған “Цифрлық мамандықтар қаласы” цифрлық эстафетасының бір бөлігі болды.

22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қарағанды облысында балаларды қорғау күніне арналған “Қазақстан балалары” ұлттық науқаны өтуде. Бұл ауқымды бастама бүкіл елді қамтып, әр баланың өзін естілген, қорғалған және маңызды сезінетін ортасын қалыптастыруға бағытталған. “Отбасы – тәрбие бастауы!” ұранымен өтетін бұл бастама білім беру, мәдени және цифрлық іс-шараларды біріктіре отырып, олардың қатарында “Цифрлық мамандықтар қаласы” эстафетасы да бар.

Ойыннан – алғашқы жобаларға дейін

Идеялар, демеушілерді іздеу, тапсырыс берушілерге презентациялар – “Цифрлық мамандықтар қаласы” эстафетасы аясындағы тапсырмаларға қатысушылар барынша байыппен қарады. Жастарына қарамастан, командалар өзін нағыз стартапер ретінде сезініп, өмірде нақты қолдануға болатын шешімдер ұсына алды.

“Біз балаларға технологиялар дегеніміз – алыс, түсініксіз нәрсе емес, керісінше, айналамыздағы мәселелерді шешетін құрал екенін көрсеткіміз келді,” – деп “Терриконовая долина” IT-хабының іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Ангелина Саратовкина мәлімдеді.

Ойын басталар алдында оқушыларға “Терриконовая долина” IT-хабы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, стартап жасауға ұмтылған адамдарды қолдауға мұнда өткізілетін бағдарламалар мен жобалар туралы айтылды. Кейін ұйымдастырушылар балаларды кәсіпкерлік әлеміндегі алғашқы қадамдарын жасауға шақырды. Бұл жерде жалықтыратын дәрістер мен партада отыру болған жоқ: қатысушыларға өз бизнес-модельдерін жасап, оны жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.

Мәселеден – шешімге дейін

Қатысушылар 4–6 адамнан тұратын шағын топтарға бөлінді. Әр командаға шынайы стартаперлер қолданатын Business Model Canvas шаблоны берілді. Мақсаты: мектеп өміріне тән нақты бір мәселені таңдап, оған цифрлық шешім ретінде ұсыну. Мысалы, ұсынылған мәселелер қатарында: “Оқу қызықсыз”, “Қаламсауыттарды жоғалтып аламын”, “Дене шынықтыру киімін ұмытып кетемін” дегендер болды. Балалар бұл мәселелерге түрлі шешімдер ұсынды: оқу процесін ойынға айналдыратын мобильді еске салғыш хабарламалар, мектеп заттарына арналған QR-белгілер, тіпті ата-аналардан үй тапсырмалары түсетін, бонус пен “медаль” беретін платформалар ойлап тапты.

Балалар өзара рөлдерді бөлісіп, логотиптер мен атаулар ойлап тауып, монетизация жолдарын да анықтады: жазылым, жарнама, серіктестік бағдарламалар.

Жоба аяқталған соң, әр команда өз идеясын басқа қатысушылар алдында таныстырды. Әр топқа өзін таныстыруға, қандай мәселе шешкенін, стартаптың құрылымын және оның не үшін қажет екенін айтуға 1-2 минут берілді. Бұл іс-шара жарыс ретінде өткізілген жоқ, бұл жерде бірін-бірі тек қолдау, қошемет көрсету пен мойындау болды. Нағыз кәсіпкерлік ортада маңыздысы ол жеңіс емес, командамен жұмыс істеу, шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту және өз идеяңды жеткізе білу.

“Біз балалардың гаджеттерді тек пайдаланушы ретінде қолданбай, цифрлық өнімдер қалай жасалатынын түсінгенін қалаймыз. Осындай ойындарда технологияға деген қызығушылық, өз күшіне сенім және идеяны шынайылыққа айналдыруға болатын түсінік қалыптасады,” – дейді Ангелина.

“Стартапты нөлден бастап жасау” жобасы оқушылар үшін жай ғана ойын емес, болашаққа көз жүгіртіп қараудың мүмкіндігі, бұ жерде қатысушылар тек пайдаланушы емес, өз болашағының жасаушысы бола алады. Мүмкін, осы қатысушылардың бірі бүгінде өзінің алғашқы кәсіби қадамын жасап, ертең әлемді өзгертетін цифрлық жобасына бастама берген болар.

TSARKA қолдауымен