Қарағандылық стартаперлер баттлда миллион ұтып алды: Terricon Connect форумының қорытындылары

Қарағандылық стартаперлер баттлда миллион ұтып алды: Terricon Connect форумының қорытындылары

Инвесторлар мен венчурлық нарық сарапшыларының назарын аудару – кез келген стартапердің арманы. Жақында бұл арман көпшілік үшін шындыққа айналды: 31 қазан күні Қарағандыда Terricon Connect форумы өтіп, ондаған технологиялық командалар мен Орталық Азияның танымал бизнес жебеушілері бір алаңда бас қосты. Сыйақы – 1 000 000 теңге және өз жобасын таныстыру мүмкіндігі. Ал бұл мүмкіндікке кім ие болды?

Форумның ұйымдастырушысы – Қарағанды қаласының стартап-экожүйесі Terricon Valley – кәсіпкерлерге, стартаперлер мен IT-мамандарға арналған тәжірибе алмасу және масштабтау алаңын құруды мақсат етті. Terricon Connect бағдарламасы мазмұнды болды, алайда басты назар стартаптарға аударылды. Жергілікті әзірлеуші командалар өз жобаларын стартап-көрмеде таныстырып, ең батылдары стартап-баттлға қатысуға шешім қабылдады.

«Біз Қарағандыда тек мықты IT-мамандар ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті өнімдер жасай алатын командалар бар екенін көрсеткіміз келеді. Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлік жолын жаңа бастағандар үшін серпіліс тудыратыны біз үшін маңызды», – деді Terricon Valley компаниясының СЕО-сы Сабир Ниязов мәлімдеді.

Форумның эксперттік қазылар алқасына Орталық Азия венчурлық индустриясының беделді өкілдері кірді: Мурат Абдрахманов – венчурлық инвестор және MA7 Ventures негізін қалаушы, Бахт Ниязов – стартаптарды бағалау жөніндегі инвестор және сарапшы, Ельжан Кушекбаев – MOST Ventures басқарушы серіктесі, Мират Ахметсадык – MOST Holding компаниясының CEO-сы, Болат Башеев – Axiom Capital СЕО-сы және Талгат Бакушев – Activation HUB жобаларының жетекшісі. Венчурлық нарығының жетекші өкілдерінің қатысуы форумның сараптамалық деңгейін арттырып қана қоймай, жас кәсіпкерлерге нақты инвестициялық шешім қабылдайтын мамандардан тікелей құнды кеңестер алу мүмкіндігін берді.

Баттлға бизнес, білім, жасанды интеллект және финтех бағыттарындағы цифрлық шешімдерді ұсынған 30 команда қатысты. Финалға ең үздік бес команда өтті – дәл солар Terricon Valley және форумның серіктесі Wooppay ұсынған 1 000 000 теңге көлеміндегі бас жүлде үшін бақ сынады. Жеңімпаз атанған жоба – Soda командасы деп танылды. Олар e-commerce және логистика саласындағы компанияларға арналған SaaS-шешім әзірлеуде. Қызмет бизнеске деректерді тазалау мен дайындау процесін автоматтандыру арқылы аналитикаға кететін ресурстарды үнемдеуге көмектеседі.

«Біз үшін баттлға қатысу үлкен алға басқан қадам болды. Біз қаржылай қолдауға қоса, өнімімізді масштабтауға көмектесетін инвесторлар мен сарапшылардан құнды пікірлер алдық», – деп Soda жобасының негізін қалаушы София Дасаева бөлісті.

Сонымен қатар, үш финалист команда Servercore компаниясынан бұлтты ресурстарды пайдалану үшін 600 000 теңгелік сертификаттар иеленді. Олардың қатарында: Discons – өнеркәсіп саласына арналған цифрлық экожүйе, олар CRM, маркетплейс және болжам жасауға арналған AI-құралдарын біріктіреді; SmetaHub – пәтер жөндеу сметасын есептеу және бақылауға арналған жасанды интеллект базасындағы қосымша; AI Companion – өндірістегі қызметкерлердің күйзеліс пен шаршау деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін психоэмоциялық диагностикаға арналған инновациялық платформа.

Жобалар көрмесі мен стартап-баттлдан бөлек, форум қатысушылары жасанды интеллект пен аймақтағы инновацияларды дамыту тақырыбындағы панельдік сессияларға, сондай-ақ IT және бизнес саласының сарапшылары қатысқан Неконференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Күннің соңында стартаперлер мен инвесторлар бейресми жағдайда пікір алмасқан Terricon V-Night жабық кездесуі өтті. Ол жерде ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен инвестициялық идеялар талқыланды.

«Біз Terricon Connect сияқты іс-шаралар экожүйенің өсу нүктесіне айналатынына сенімдіміз. Болашақта да осындай бастамалардың ұйытқысы болып, жергілікті стартап-комьюнити үшін жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастырамыз», – деп Сабир Ниязов атап өтті.

TSARKA қолдауымен