KASE: 2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша биржалық нарықтың жұмыс қорытындылары

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE, Биржа) өзінің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің негізгі нәтижелері туралы хабарлайды:
• KASE-де 2025 жылдың бірінші тоқсанында жасалған сауда-саттық көлемі 83,5 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі осындай көрсеткішпен салыстырғанда 10,1%-ға немесе 9,4 трлн теңгеге төмендеді.
• KASE индексінің мәні 5 658,74 тармаққа дейін 1,4%-ға көтерілді.
• Акциялар нарығының капиталдандырылуы 31,8 трлн теңгеге дейін 3,4%-ға, сауда-саттық жасалатын корпоративтік борыштың көлемі 13,7 трлн теңгеге дейін 0,2%-ға төмендеді.
• 2025 жылғы 01 сәуірдегі жай-күйі бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 262 эмитенттің 772 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
БИРЖАНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ МЕН НЕГІЗГІ ЖОБАЛАРЫ
2025 жылғы наурызда KASE қатысуымен бірқатар іс-шара атқарылды.
Бизнеске арналған іс-шаралар
06 наурызда Биржа БҰҰ-ның "Тұрақты Қор Биржалары" бастамасын (Sustainable Stock Exchanges Initiative) іске асыру шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясымен бірлесіп, жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді, оның шеңберінде "Әйелдер бұрынғыдай ер адамдарға қарағанда аз инвестиция сала ма?" тақырыбында ашық сұхбат, сондай-ақ "Ойлап табуға батылдық: инновациялар әлеміндегі әйелдер" тақырыбында пікірталас өтті.
18 наурызда KASE-де "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығының,инвесторлардың, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен "2024 жылғы өндірістік және қаржылық нәтижелерді шолу" тақырыбында "Эмитент күні" өтті.
27 наурызда KASE-де BCC Invest басқаруындағы Wardat al Hayat интервалдық инвестициялық пай қорының пайларымен сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсім аясында исламдық қаржыландыру тақырыбында пікірталас өтті, онда спикерлер өзекті ақпаратты бөлісіп, пікір алмасты.
Оқыту іс-шаралары
11 наурызда KASE алаңында КИМЭП Университетінің студенттерімен кездесу өтті, кездесу барысында студенттер KASE мұражайына барды, сондай-ақ "Бағалы қағаздар нарығына кіріспе" тақырыбында өткен дәріскеқатысты.
14 наурызда KASE KPMG Қазақстан ұйымының салық сарапшыларымен бірлесіп, "2025 жылғы өзгерістересебімен бағалы қағаздарға салық салу және декларациялау" тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда Салық кодексіне енгізілген өзгеріс есебімен, жеке адамдардың 2025 жылғы салық міндеттемелерінің өзекті мәселелері қаралды.
АКЦИЯЛАР НАРЫҒЫ
Жыл басынан бері акциялар нарығының капиталдануы 3,4%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге төмендеп, KASE тізіміндегі акциялар бағасының төмендеуі есебінен 31,8 трлн теңгені (63,1 млрд USD) құрады.2025 жылғы наурыздың аяғында KASE сауда тізімдерінде 81 эмитенттің 96 атаудағы акциялары, оның ішінде листингілік емес алаңда екі компанияның екі атаудағы акциялары болды.2025 жылдың бірінші тоқсанында эмитенттердің бастамасы бойынша үш эмитенттің – "Ақбақай Голд Ресорсиз" АҚ, "Mega Center Management (Мега Центр Менеджмент)" АҚ, "Ақтөбе-Темір-ВС" еншілес кәсіпорны" АҚ акциялары Биржаның ресми тізімінен шығарылды.2025 жылдың бірінші тоқсанында акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 64,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 42,5%-ға немесе 47,4 млрд теңгеге төмендеді. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі – 1,1 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны – 10 710, бір мәміленің орташа көлемі – 105,1 мың теңге. Бірінші тоқсанда акция секторындағы сауда-саттық тек қайталама нарықта жасалды.Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалардың үлесі 45,9%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 18,9%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 1,4%, басқа заңды тұлғалардың үлесі 33,8% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 12,3% деп бағаланды.
KASE ИНДЕКСІ
Жыл басынан бері KASE индексінің мәні 5 658,74 тармаққа дейін 1,4%-ға көтерілді.
2025 жылдың бірінші тоқсанында қайталама нарықта индекстік акциялармен жасалған мәміле көлемі 59,7 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,1 млрд теңгеге көп. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақтелеком" АҚ-тың жай акцияларымен жасалып, 15,0 млрд теңгені (индекстік акциялармен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,2%) құрады*.

2025 жылдың бірінші тоқсанында он индекстік акцияның төртеуінің бағасы өсті. Ең жақсы қарқынды қаржы және телекоммуникация секторларының индекстік компанияларының акциялары көрсетті.
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың жай акциялары ең жоғары өсімді көрсетті, олардың бағасы 24,2%-ға өсті.
Өсу қарқыны бойынша екінші орында қаржы секторының басқа өкілі – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-тың жай акциялары тұр, олар 18,0%-ға өсті. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижелеріне сәйкес банктің 2024 жылы таза пайдасы 931,0 млрд теңгеге дейін 32,8%-ға ұлғайды. 2024 жылы пайыздық кірісі 30,0%-ға, пайыздық шығысы 21,8%-ға, ал таза пайыздық кірісі 38,5%-ға өсті.
"Қазақтелеком" АҚ жай акциялары 6,7% өсіммен үздіктер тізіміндегі үшінші орынды иеленді. Компания "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін PIH Communication LLC пайдасына сату жөніндегі мәмілені аяқтағанын хабарлады. Fitch Ratings "Тұрақты" деген болжаммен оның "BBB-" ұзақмерзімді кредиттік рейтингін растады. Бұл ретте, S&P Global Ratings "Mobile Telecom-Service" ЖШС-ның (Tele2/Altel брендтері) мобильді активінің сатылуының оның қаржылық көрсеткіштеріне ықпалына сүйене отырып, компанияның рейтингін "Теріс" деген болжаммен "BB+" деңгейінен "BB-" деңгейіне дейін төмендетті.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жай акцияларының бағасы 2,6%-ға өсіп, бір акция үшін 15 000,00 теңгеге жетті. Компанияның 2024 жылғы өндірістік нәтижелеріне сәйкес мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 1,3%-ға өсіп, 23,8 млн тоннаны құрады, ал мұнай тасымалдау көлемі 3,9%-ға өсіп, 83,5 млн тоннаны құрады. Компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес 2024 жылы оның түсімі 8 330,3 млрд теңгеге дейін, яғни 0,1%-ға, таза пайдасы 1 094,2 млрд теңгеге дейін 18,1%-ға өсті.
"KASE GLOBAL" СЕКТОРЫ
2025 жылғы наурыздың соңында Биржаның сауда-саттық тізімінің "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 47 атаудағы акциялары мен 17 ETF болды.
2025 жылдың үш айында "KASE Global" секторында жасалған сауда-саттық көлемі 19,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 2,9 есе немесе 12,5 млрд теңгеге көп. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 335,4 млн теңге, мәмілелердің орташа күндік саны 1 020, бір мәміленің орташа көлемі 328,7 мың теңге болды.
2025 жылдың бірінші тоқсанында "KASE Global" секторындағы мәмілелердің ең көп саны мынадай акциялармен және ETF-пен жасалды:
• ProShares Bitcoin Strategy ETF (BITO_KZ) – 15 053 мәміле, жалпы сомасы 3,6 млрд теңге;
• NVIDIA Corp. (NVDA_KZ) – 9 506 мәміле, жалпы сомасы 3,1 млрд теңге;
• Intel Corporation (INTC_KZ) – 4 581 мәміле, жалпы сомасы 1,1 млрд теңге.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалардың үлесі 51,2%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 36,6%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 12,2% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 3,2% деп бағаланды.
КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР
2025 жылдың басынан бері айналыстағы корпоративтік борыш көлемі 0,2%-ға немесе 34,1 млрд теңгеге азайып, 13,7 трлн теңге (27,2 млрд USD) болды.
2025 жылғы 01 сәуірдегі жай-күйі бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 129 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 530 шығарылымы болды. 2025 жылдың басынан бері KASE ресми тізіміне 21 эмитенттің облигацияларының 48 шығарылымы енгізілді (оның ішінде 6 – жаңа): "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС тоғыз шығарылымы, "Интергаз Орталық Азия" АҚ пен "GoldFinMarket" ломбарды" ЖШС әрқайсысы бойынша алты шығарылым, "ОнлайнҚазҚаржы" МҚҰ" АҚ-тың төрт шығарылымы, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ пен "Сейф-Ломбард" ЖШС әрқайсысы бойынша үш шығарылымы, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ пен "Fincraft Group" ЖШС әрқайсысы бойынша екі шығарылым, "AVC Production" ЖШС, "Барыс 2007" ЖШС, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "ЦентрКредит Банкі" АҚ, "FIVE BROKERS 'CAPITAL" АҚ, "BASS Gold" ЖШС, "Jusan Mobile" ЖШС, "МиГ Кредит Астана" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС, "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС, "Orbis Leasing" ЖШС, "Скулбас" ЖШС және "ТехноГруппСервис" ЖШСбойынша бір-бір шығарылым.
KASE_BMY индексі (негізгі алаңның корпоративтік облигацияларының кірістілік индексі) жыл басынан бері 54 б.п. өсіп, жылдық 14,39%-ға жетті.
2025 жылдың үш айында "KASE Global" секторында жасалған сауда-саттық көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,2%-ға немесе 272,7 млрд теңгеге азайып, 441,4 млрд теңгені құрады. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 7,7 млрд теңге (қайталама нарықта – 3,6 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 583 мәміле (қайталама нарықта – 551 мәміле), бір мәміленің орташа көлемі – 13,3 млн теңге (қайталама нарықта – 6,5 млн теңге).
2025 жылдың бірінші тоқсанында "KASE Global" секторында жасалған сауда-саттық көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 60,7%-ға немесе 367,6 млрд теңгеге азайып, 238,3 млрд теңге болды:
• "Банк ЦентрКредит" АҚ жылдық 4,50% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі алты ай болатын облигацияларды орналастыра отырып, 31,5 млн АҚШ долларын (баламасы 15,8 млрд теңге) тартты;
• "Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ жылдық 14,69-16,17% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 0,5-2,0 жыл болатын облигациялардың төрт шығарылымын орналастыра отырып, 56,8 млрд теңге тартты;
• "ОнлайнКазФинанс" МҚҰ" АҚ жылдық 19,00-21,50% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 3,0 жыл болатын облигациялардың үш шығарылымын орналастыра отырып, 18,6 млрд теңге тартты;
• "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жылдық 13,61% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 6,5 жыл болатын облигацияларды орналастырып, 6,4 млрд теңге тартты;
• "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ жылдық 18,00% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,5 жыл болатын облигациялардың екі шығарылымын орналастырып, 44,4 млрд теңге тартты;
• "Home Credit Bank" АҚ жылдық 17,50-18,70% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,0-4,4 жыл болатын облигациялардың үш шығарылымын орналастыра отырып, 19,2 млрд теңге тартты;
• "Jusan Mobile" АҚ жылдық 22,00%-бен үшжылдық облигацияларды орналастырып, 646,7 млн теңге тартты;• "AgroBusiness KZ" кредиттік серіктестігі" ЖШС жылдық 21,00%-бен онжылдық облигацияларды орналастырып, 670,0 млн теңге тартты;
• "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС жылдық 21,00%-бен үшжылдық облигацияларды орналастырып, 2,1 млрд теңге тартты;
• "Birinshi Lombard" ЖШС жылдық 20,98% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,9 жыл болатын облигацияларды орналастыра отырып, 809,0 млн теңге тартты;
• "Orbis Leasing" ЖШС жылдық 20,00% мөлшеріндегі өтеуге дейінгі орташа кірістілігі бар және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,0 жыл болатын облигацияларды орналастыра отырып, 400,0 млн теңге тартты.
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында банктердің үлесі 31,7%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 1,2%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 16,5%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 35,3%, жеке адамдардың үлесі 15,4% болды. Бейрезиденттердің үлесі – 3,1%.
Облигациялардың қайталама нарығында биылғы жылдың бірінші тоқсанында жасалған сауда-саттық көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,8%-ға немесе 95,0 млрд теңгеге артып, 203,0 млрд теңгеге жетті.
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында банктердің үлесі – 7,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі – 12,3%, басқа институттық инвесторлардың үлесі –7,4%, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 53,7%, жеке тұлғалардың үлесі – 19,0%. Бейрезиденттердің үлесі – 25,0%.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР (МБҚ)
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша KASE-де сатылатын мемлекеттік борыштың номиналды сомасы жыл басынан бері 5,8%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге артып, 28,6 трлн теңгені (56,8 млрд USD) құрады.
KASE-де МБҚ-мен жасалған сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2,2 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі осындай көрсеткішпен салыстырғанда 5,8%-ға немесе 135,6 млрд теңгеге төмендеді. 2025 жылдың үш айының қорытындысы бойынша сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 38,5 млрд теңге (қайталама нарықта 13,6 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны 28 мәміле (қайталама нарықта 23 мәміле), бір мәміленің орташа көлемі 1,4 млрд теңге (қайталама нарықта 0,6 млрд теңге) болды.
Бастапқы нарықта МБҚ-мен жасалған сауда-саттық көлемі 23,8%-ға немесе 440,8 млрд теңгеге төмендеп, 1,4 трлн теңгені құрады. Барлық көлемді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыру алды. Жылдық 11,98-15,75%-бен және өтеуге дейінгі мерзімі 0,9 жылдан 12,1 жылға дейін болатын барлығы 20 облигациялар шығарылымы (бес жаңа шығарылым және он бес шығарылым ірілендірілді) орналастырылды.
Қайтамала нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары ішінде банктердің үлесі 23,1 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі Мәзір 0,1%, басқа институттық инвесторлардың үлесі 74,9%, өзге заңды тұлғалардың тұлғалардың үлесі 1,9% болды. МБҚ бастапқы нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 0,1%-ден аз болды.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 64,6%-ға немесе 305,2 млрд теңгеге артып, 777,6 млрд теңгені құрады. Ұлттық Банктің ноталарымен қайталама нарықта жасалған сауда-саттық үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 30,5%-н немесе 237,2 млрд теңгені, МЕКАМ үлесі 67,2% немесе 522,4 млрд теңгені, Қазақстан Республикасының еурооблигацияларының үлесі 2,1%-ын немесе 16,3 млн теңгені құрады. Қалған көлем шет мемлекеттердің МБҚ-мен (АҚШ, Түркия, Австрия, Сауд Арабиясы және Гонконг елдерінің Қаржы министрлігінің облигациялары) жасалған мәмілелерге тиесілі болып, 0,2%-ды немесе 1,7 млрд теңгені құрады.
Қайтамала нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары ішінде банктердің үлесі 45,1 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 5,5%, басқа институттық инвесторлардың үлесі 7,1%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 40,4%, жеке тұлғалардың үлесі 2,0% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 26,6 % деп бағаланды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ (ХҚҰ) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ
Есепті кезеңнің аяғында KASE сауда-саттық тізімдерінде жеті халықаралық қаржы ұйымының 57 облигациялар шығарылымы болды: Еуразиялық даму банкінің 19 шығарылымы, Еуропалық қайта құру және даму банкінің 16 шығарылымы, Азия даму банкінің 11 шығарылымы, Халықаралық қаржы корпорациясының төрт шығарылымы, Халықаралық қайта құру және даму банкінің төрт шығарылымы, Еуропалық инвестициялық банктің екі шығарылымы және Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының бір шығарылымы.
2025 жылдың басынан бастап ресми тізімге облигациялардың төрт шығарылымы енгізілді: Азия даму банкі облигацияларының екі шығарылымы, Еуразиялық даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі облигацияларының бір-бір шығарылымы.
Өткен кезеңде "KASE Global" секторында жасалған сауда-саттық көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға немесе 30,7 млрд теңгеге өсіп, 183,2 млрд теңгеге жетті.
Бастапқы нарықта жасалған сауда-саттық көлемі 158,0 млрд теңге болды, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға немесе 10,0 млрд теңгеге өсті. Барлығы үш эмитенттің бес облигация шығарылымы орналастырылды:
• Азия даму банкі жылдық 13,94%-бен екіжылдық халықаралық "жасыл" облигацияларын және жылдық 15,35%-бен халықаралық бесжылдық облигацияларын орналастырып, 25,0 млрд теңге тартты;• Еуразиялық даму банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 1,00% маржа көлеміндегі өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар үшжылдық облигациялардың екі шығарылымын орналастыра отырып, 100,0 млрд теңге тартты;• Еуропалық қайта құру және даму банкі TONIA + 0,00% маржа көлеміндегі өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар екіжылдық халықаралық облигацияларын орналастыру арқылы 33,0 млрд теңге тартты.
Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары ішінде банктердің үлесі 54,7%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 1,6%, инвесторлардың үлесі 31,8%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 11,9% болды. Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының бастапқы нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 1,7% болды.
Қайталама нарықта жасалған сауда-саттық көлемі 25,2 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6 есе немесе 20,7 млрд теңгеге жоғары.
Қайтамала нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары ішінде банктердің үлесі 3,3%, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 11,8%, инвесторлардың үлесі 3,3%, өзге заңды тұлғалардың үлесі 80,3%, жеке адамдардың үлесі 1,4% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 46,0 % деп бағаланды.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ПАЙЛАРЫ
2025 жылғы 01 сәуірде "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторында бес басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық пай қорларының 18 құралы мен екі ETF болды.
Есепті кезеңде сауда-саттық көлемі 4,7 млрд теңге болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңнің нәтижесінен 8,8%-ға немесе 385,4 млн теңгеге жоғары.
Негізгі санаттар бойынша инвесторлардың 52,1%-ы жеке тұлғалар, 34,6%-ы брокер-дилерлер, 13,4%-ы өзге заңды тұлғалар болды. Бейрезиденттердің қатысуы 9,8% деп бағаланды.
ТУЫНДЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
2025 жылғы 01 сәуірдегі жай-күйі бойынша KASE ресми тізімінде базалық активтері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Kaspi.kz" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ және "Эйр Астана" АҚ жай акциялары болып табылатын бес шығарылымның жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) болды.
2025 жылдың бірінші тоқсанында акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 42,5%-ға немесе 3,5 млрд теңгеге артты.
Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 7,9% банктердің, 47,7% брокерлік-дилерлік ұйымдардың, 0,2% өзге институционалдық инвесторлардың, 44,2% басқа заңды тұлғалардың үлесінде болды. Бейрезиденттердің үлесі – 19,4%.
ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ НАРЫҒЫ
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында KASE-дегі шетел валютасы нарығындағы сауда-саттыққа KASE-нің 34 мүшесі қатысты.
2025 жылдың алғашқы үш айында шетелдік валюта нарығындағы сауда көлемі 9,8 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға немесе 2,2 трлн теңгеге жоғары. 2025 жылдың бірінші тоқсанында 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 172,4 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны 941, бір мәміленің орташа көлемі 183,1 млн теңге болды.
Төмендегі кестеде KASE-де сатылатын валюталық жұптардың негізгі сипаттамасы (көлемінің, сауда-саттық көлеміндегі үлесінің өзгеруі, мәміле саны өткен жылдың ұқсас кезеңіне қатысты көрсетілген; бағамның өзгеруі шетел валютасының жыл басына орташа алынған биржалық бағамының номиналды өзгерісін көрсетеді) берілген.

АҚША НАРЫҒЫ
Ақша нарығындағы сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13,6%-ға немесе 11,2 трлн теңгеге төмендеп, 70,8 трлн теңгені құрады.
2025 жылғы 07 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1,0 пайыздық дәлізбен жылдық 16,50% деңгейіне дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділік беру бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 17,50%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша 15,50% құрады. 11 сәуірде Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені бұрынғы 16,5% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.
Бір жұмыс күніне ашылған USD/KZT валюталық своп операциялары және МБҚ-мен жасалатын автоматты репо операциялары бойынша кірістілік мәні мәміле көлемі арқылы орташа өлшенген мәнді білдіретін MM_Index ақша нарығының композиттік индикаторы жыл басынан бастап ағымдағы жылдың наурыз айының соңына қарай жылдық 12,93%-дан 15,78%-ға дейін 285 б.т. көтерілді.
РЕПО ОПЕРАЦИЯЛАРЫ НАРЫҒЫ
2025 жылдың бірінші тоқсанында акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 52,5 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 18,0%-ға немесе 11,6 трлн теңгеге төмен. 1 күнде жасалған операциялардың орташа көлемі 921,2 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны 755, бір мәміленің орташа көлемі 1,2 млрд теңге болды.
МБҚ-мен жасалған авторепо саудасының көлемі 40,4 трлн теңгені немесе репоның жалпы көлемінің 76,9%-ын, ҰБҚ-мен жасалған авторепо көлемі 11,8 трлн теңгені немесе 22,5%-ын, ҰБҚ-мен жасалған тікелей репо 17,8 млрд теңгені немесе 0,1%-ын және МБҚ-мен жасалған тікелей репо 58,9 млрд теңгені немесе 0,1%-ын, КҚК-мен жасалған авторепо 248,3 млрд теңгені немесе 0,5%-ын құрады.
Наурыздың аяғында TONIA индикаторы (Биржада МБҚ қоржынының бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында жасалған бір жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме) 14,44%-дан 16,66%-ға дейін, 222 базистік пунктке өсті.
TRION индикаторы (Биржа Орталық контрагенттің қызметін пайдалана отырып, клирингілік қызметті жүзеге асыратын МБҚ қоржынының бағалы қағаздарымен Биржада жасалатын автоматты репо секторында жасалған бір жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме) 14,34%-дан 16,78%-ға дейін, 244 базистік пунктке өсті.
TWINA индикаторы (Биржа Орталық контрагенттің қызметін пайдалана отырып, клирингілік қызметті жүзеге асыратын МБҚ қоржынының бағалы қағаздарымен Биржада жасалатын автоматты репо секторында жасалған жеті жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме) жылдық 14,84%-дан 16,32%-ға дейін, 148 базистік пунктке өсті.
ВАЛЮТАЛЫҚ СВОП ОПЕРАЦИЯЛАРЫ НАРЫҒЫ
2025 жылдың бірінші тоқсанында валюталық своп операциялары нарығындағы сауда-саттық көлемі 18,3 трлн теңге болды, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 397,4 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға жоғары. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 320,5 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны 67, бір мәміленің орташа көлемі 4,8 млрд теңге болды.

SWAP-1D біркүндік долларлық своптың (USD) кірістілігі наурыздың аяғында жылдық 11,95% болды және жыл басынан бері 483 б.п. өсті, SWAP-2D екікүндік валюталық своптың (USD) кірістілігі 293 б.п., жылдық 12,00%-ға дейін өсті.
ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫ
Қазіргі уақытта биржалық нарықтың осы секторында саудаға АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамына, ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамына, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ жай акцияларына, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ жай акцияларына, KASE индексіне және Nasdaq-100 Index ETF, SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, SPDR Gold Shard ES ETF, SPDR S&P 500 ETF TRUST ETF-іне жеткізусіз фьючерстер қолжетімді.
2025 жылдың бірінші тоқсанында деривативтер нарығында 2025 жылдың наурызында орындалатын АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамына фьючерстермен алты мәміле жасалды, мәміле көлемі 301,3 млн теңге болды. 2025 жылғы 01 сәуірде деривативтер нарығында сауда-саттыққа қатысушылардың ашық позициялары болған жоқ.