Kaspi.kz 48 елде QR-кодпен төлем жасауды іске қосты

Kaspi.kz 48 елде QR-кодпен төлем жасауды іске қосты

Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы арқылы QR-кодпен төлемді Қытайда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де жасауға болады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы:

“2024 жылдың сәуір айында біз Alipay+ серіктестігімен Қытайдың барлық аумағында QR-кодпен төлем жасауды іске қостық. Осы уақыт ішінде Қытайға саяхаттаған қазақстандықтар барлық сатып алуларын Kaspi.kz мобильді суперқосымшасы арқылы төлеуге дағдыланды. Біздің сүйікті клиенттерімізден көптеген жылы пікірлер алдық және Alipay+ компаниясымен серіктестігіміздің географиясын 48 елге дейін кеңейту туралы шешім қабылдадық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасындағы QR-кодпен қазақстандықтар Австрия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да көптеген елдердің сауда нүктелерінде тауарлар мен қызметтерді төлем жасай алады. Серіктесіміз Alipay+ компаниясына қазақстандықтардың әлем бойынша саяхаттарын одан әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әрбір сүйікті клиентімізге рахмет!”

Эдвард Юэ, Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландия бойынша бас менеджер және Ant International компаниясының жаһандық стратегиялық серіктестігі жетекшісі:

“Kaspi.kz компаниясын халықаралық мобильді төлемдерді әлемнің көптеген бағыттарында дамытуға қолдау көрсетіп отырғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл компанияға өз клиенттері үшін халықаралық төлемдерді одан әрі ыңғайлы етуге және жергілікті саудагерлер үшін жаһандық тұтынушыларды көбірек тартуға мүмкіндік береді.”

Елдердің толық тізімін Kaspi.kz мобильді суперқосымшасынан көруге болады. QR-кодпен төлемді Alipay+ төлем жүйесінің логотипімен белгіленген сауда және сервис нүктелерінде жасауға болады. Әлем бойынша Alipay+ қабылданатын елдер мен сауда нүктелерінің саны үнемі артып келеді.

Kaspi QR арқылы 48 елде төлем жасау туралы толығырақ ақпаратты Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Kaspi Гид сервисінен оқыңыз.

TSARKA қолдауымен