Қауіп қайдан?! Қазақстанда алаяққа тап болғандардың тізімі жасалмақшы

Қауіп қайдан?! Қазақстанда алаяққа тап болғандардың тізімі жасалмақшы

Қазақстанда бұзылған деректер тізімі жасалады. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл базаның көмегімен азаматтармен арнайы хабарласып, алаяқтар хабарласқан жағдайда өзін қалай ұстау керектігі жөнінде ұсыныстар беріледі.

Сондай-ақ министрлік жеке деректердің ағып кетуі жағдайында электрондық үкімет порталында «несиені тоқтату» функциясын автоматты түрде қосылатынын айтып отыр.

“Бұл мүмкіндіктің біздің елде болғаны құба-құп болатын іс! Өйткені бүкіл әлемде болып жатқан барлық ағып кетулерді жинақтауға мүмкіндік беретін функционалдылық бар. Өздеріңіз білетіндей, олардың саны өте көп. Бұдан тек қазақстандықтар ғана зардап шегіп жатқан жоқ. Арасында шетелдік азаматтар көп. Біз бұл ақпараттың барлығынан қазақстандықтардың деректерін жинап, ең алдымен өз азаматтарымызға олардың құқықтары бұзылғанын хабарлау үшін сақтағымыз келеді”, - деді Әбдіхалықов.

TSARKA қолдауымен