Қазақстандықтар енді автокөлік тарихын «ХҚКО» қосымшасы арқылы тексере алады

Қазақстандықтар енді автокөлік тарихын «ХҚКО» қосымшасы арқылы тексере алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мобильді қосымша «ХҚКО»-ға жаңа сервис – «Көлік тарихы» функциясын енгізді.

Жаңа сервис Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Құжатта автомобильдің тіркелуі, тыйым салулар мен кепілдіктердің болуы, әкімшілік айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алымның төленуі, ерекше белгілер мен берілген техпаспорттар туралы мәліметтер көрсетіледі.

Бұл формат жасырын мәселелерді алдын ала анықтауға, тәуекелдерді азайтуға және көліктің заңдылығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сервис мәмілелердің ашықтығын арттырып, автонарықтағы алаяқтық ықтималдығын төмендетеді.

Ақпарат алу үшін өтініш берушіге көліктің VIN-кодын көрсету жеткілікті. Есеп нақты уақыт режимінде мемлекеттік деректер базалары мен ақпараттық жүйелерден алынған деректер негізінде қалыптастырылады.

Сервис мобильді қосымша «ХҚКО»-да (App Store/Google Play) ИИН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан кейін қолжетімді.

Бір тексерістің құны – 500 теңге. Сондай-ақ, пакет ұсыныстары бар: 10 тексеріс – 4500 теңге және 20 тексеріс – 8000 теңге.

«Көлік тарихы» сервисінің іске қосылуы азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесуді анағұрлым ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз ететін заманауи шешімдерді дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

TSARKA қолдауымен