Қазақстан АҚШ-тан электрлі ұшақтар сатып алып, Алатауда әуетакси қызметін іске қосуды жоспарлап отыр
Joby Aero, Inc. америкалық компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd., кәсіпкер Вячеслав Ким және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзара меморандумға қол қойды.
Келісім шамамен 300 миллион доллар сомасына eVTOL электрлі ұшақтарын сатып алуды қамтиды. Бұл жоба Алатау қаласында әуетакси жүйесін құруға мүмкіндік береді.
eVTOL — тік ұшып-қонатын электрлі әуе аппараттары — Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility) жобасының негізін қалайды.
«Қазақстан инновациялық көлік саласының болашағына қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу — ақылды қалалар мен озық технологияларды енгізудегі маңызды кезең. Бұл шара Алатауды болашақ технологиялары дамыған ерекше қала ретінде қалыптастыруға ықпал етеді», — деді Жаслан Мадиев.