Қазақстан EPAM Systems компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Премьер-министр Олжас Бектенов EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беруді дамыту және технологиялық шешімдерді енгізу саласындағы бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады.
Тараптар жаңа бизнес-бастамаларды, оның ішінде Ұлттық жасанды интеллект орталығында жасанды интеллект зертханасын ашу мүмкіндіктерін қарастырды.
EPAM Systems – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшы. Бүгінде компания Қазақстанның 17-ден астам қаласында жұмыс істейді және 1000-ға жуық қызметкері бар. 2024 жылы Astana Hub аясында $40 млн-нан астам қызмет экспортталған.
IT-білім беруді дамыту бағыты бойынша тараптар EPAM Kazakhstan оқу орталығының маңыздылығын атап өтті, онда 5000-нан астам маман оқытылды. Tech Orda бағдарламасы аясында компания 700-ден астам студентке Java, Python және Data Engineering сияқты негізгі бағыттар бойынша IT-дағдыларды үйретті. Биыл тағы 300 студент оқуға қабылданды.
Өз кезегінде Аркадий Добкин Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, цифрландыру мен жаңа технологияларды нақты экономика секторына енгізу саласындағы одан әрі ынтымақтастық бойынша бірнеше ұсыныс білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне жобаларды сүйемелдеуді күшейту және қажетті қолдау көрсетуді қамтамасыз ету тапсырылды.