Қазақстан Google компаниясымен ынтымақтастықты нығайтып, цифрлық технологияларды дамытады

Қазақстан Google компаниясымен ынтымақтастықты нығайтып, цифрлық технологияларды дамытады

Цифрландыру министрі Жаслан Мадиев Dubai Internet City-де Google өкілдерімен кездесу өткізді. Негізгі тақырып - аймақаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанды Орталық Азияда және одан тысқары жерде инновациялық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық хабқа айналдыру мәселесі болды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

Біліктілікті арттыру бағдарламасы: Мемлекеттік қызметшілер мен Al-офицерлерді – мемлекеттік және жекеменшік секторларда жасанды интеллектті (ЖИ) енгізу және дамыту мамандарын оқыту жоспарлануда. Google компаниясымен серіктестік аясында оқыту әлемдік стандарттарға сәйкес өтеді, бұл елдің цифрлық трансформациясы үшін маңызды қадам болмақ.

IT-мамандарды қолдау: BigTech компанияларының бірімен ынтымақтастық қазақстандық IT-кадрларға кәсіби өсуге серпін беретін озық білім мен технологияларға қолжетімділік ашады.

alem.ai базасында ынтымақтастық: Google alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының бастамаларын қолдауды жоспарлап отыр, бұл ғылыми зерттеулер мен технологиялық стартаптар үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Google – әлемдегі ірі технологиялық компаниялардың бірі, бүкіл әлем бойынша миллионнан астам серверді басқарады және күн сайын миллиардтан астам іздеу сұрауларын өңдейді. Осындай компанияда білім алу Қазақстанның IT-индустриясы үшін ерекше тәжірибе мен болашағы мол мүмкіндіктер береді.

Бұл қадамдар Қазақстанның аймақтағы технологиялық көшбасшылығын нығайтуға және ЖИ мен цифрлық технологияларды енгізу үшін тұрақты негіз жасауға бағытталған.

TSARKA қолдауымен