Қазақстан Groq, NVIDIA, OpenAI және Starlink компанияларымен цифрлық келісімдерге қол қойды

Қазақстан Groq, NVIDIA, OpenAI және Starlink компанияларымен цифрлық келісімдерге қол қойды

Қазақстан Президентінің Вашингтонға сапары барысында жалпы құны 17,2 миллиард долларды құрайтын 30 келісім мен меморандумға қол қойылды. Олардың ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы бірқатар стратегиялық құжаттар бар.

Негізгі цифрлық келісімдер:

Groq — есептеу технологиялары мен AI-инфрақұрылымы саласында ынтымақтастық туралы меморандум.

NVIDIA (Freedom Holding Corp. арқылы) — 2 миллиард доллар көлеміндегі жасанды интеллект пен бірлескен бастамаларды дамыту жөніндегі келісім.

OpenAI, Coursera және АҚШ университеттері — білім мен ғылым саласындағы келісімдер, жалпы инвестиция көлемі шамамен 50 миллион долларды құрайды.

Starlink (Beeline Kazakhstan арқылы) — қосымша құрылғыларсыз қолжетпейтін аймақтарда байланыс орнатуға мүмкіндік беретін Direct to Cell технологиясын енгізу.

Бұл жаңа келісімдер Қазақстанның АҚШ-пен цифрлық және технологиялық серіктес ретіндегі орнын нығайтып, ұлттық жасанды интеллект экожүйесі мен телеком-инфрақұрылымының дамуын жеделдетеді.

TSARKA қолдауымен