Қазақстан ЕАЭО цифрлық жүйелерін өзара мойындау жобасына қосылады
Ереванда өткен III Еуразиялық экономикалық форумда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі цифрлық үдерістерді интеграциялауға бағытталған Digital Union тұжырымдамасы ұсынылды. Бастаманың негізгі мақсаты – қатысушы елдердің бизнесі мен азаматтары үшін цифрлық интеграцияның пайдасын көрсету. Тақырыптардың бірі – Қазақстанның сәйкестендіру және аутентификация жүйелерін өзара мойындау жөніндегі пилоттық жобаға қосылуы, бұл одақ ішіндегі цифрлық интеграцияны нығайтуға мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, тұжырымдама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің цифрландыруға жауапты тиісті ведомстволарымен келісілген.
Тұжырымдамада үш қағида атап көрсетілген: Digital Union қалыптастыру кезінде пайдаланылатын нормативтік және инфрақұрылымдық шешімдердің үйлесімділігі, ұлттық цифрлық платформалардың синхронизациясын және үздіксіз өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұжырымдаманың интеграциялық сипаты – мүше мемлекеттер дайын болған көлемде және қарқында барлық төрт «бостандықты» цифрландыру.