Қазақстан ІІМ шетелдік туристер үшін QR-коды бар карталарды енгізуде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі елге келген қонақтарға қауіпсіздік пен сервистік ақпаратқа оңай қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін QR-коды бар карталарды бере бастады.
Бұл бастама Президенттің туризмді дамыту және шетелдік азаматтарға қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. QR-коды бар карталар қазірдің өзінде Астана халықаралық әуежайында және шекаралық бақылаудан өту кезінде туристерге таратылуда.
QR-код көптілді SafeTravel.kz порталына апарады, онда келесі ақпарат бар:
• Миграциялық заңнама жөніндегі нұсқаулық
• Шұғыл қызметтердің байланыстары (полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі)
• Ресми такси мен мобильді операторлардың тізімі
• Ірі қалалардың карталары және танымал сервистер
• Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері
Басты қызметтердің бірі – “102” мобильді қосымшасы, ол SOS функциясы арқылы полициямен жедел байланысуға мүмкіндік береді.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұл шара туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанның ыңғайлы және келешегі зор туристік әрі инвестициялық бағыт ретіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.