Қазақстан халықаралық Positive Hack Days киберфестивалінде үздік үштікке кірді

Қазақстандық мамандар Standoff халықаралық кибершайқасында үздіктер қатарында. Мәскеуде Positive Hack Days халықаралық киберфестивалі өтті. Бұл — ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандардың сайысы. Кибершайқасқа 31 шабуылдаушы және 12 қорғанушы команда қатысты. Олардың қатарында студенттер, әуесқойлар және жетекші ІТ-компаниялардың кәсіпқойлары болды. Төрт күн ішінде командалар 383 маңызды шабуыл сценарийін іске асырды. Қазақстандық қатысушылар да 127 466 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Жүлде ретінде команда $10 000 алды. Айта кетейік, киберфестивальде дәстүрлі түрде әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби мамандарды бас қосады. Биыл 41 елдің өкілі қатысты.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов баяндама жасады.
Ол мемлекеттік багбаунти бағдарламасының іске қосылуы туралы айтты. Бұл — мамандарға мемлекеттік жүйелердегі осалдықтарды заңды түрде іздеуге және ол үшін сыйақы алуға мүмкіндік беретін механизм.

Багбаунти — цифрлық қызметтердегі осалдықтарды тауып, сол туралы хабарлаған зерттеушілерді ынталандыруға арналған заңды жүйе. Мұндай модель қауіп-қатерлерді азайтады және бизнес пен мемлекеттік цифрлық жүйелердің қауіпсіздігін күшейтуге көмектесетін ақ хакерлердің кәсіби қауымдастығын қалыптастырады.
Positive Hack Days киберфестивалі дәстүрлі түрде әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби мамандарды біріктіреді. 2025 жылы фестивальге 41 елдің делегациясы қатысты.
Бағдарламада — 270 баяндама, ондаған техникалық трек пен форум. Қатысушылар цифрлық егемендік, жасанды интеллект, фишингтен қорғану және мобильді қосымшаларға төнетін қауіптерді талқылады.