Қазақстан мен Конго бірқатар құжаттарға қол қойды
Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айуынша, бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі өзара түсіністік туралы маңызды меморандумға қол қойған.
Бұл бізге не береді?
Аталған меморандум цифрлық инфрақұрылымды дамыту, электрондық үкімет бастамалары, АКТ саясаты, әлеуетті арттыру және білім алмасу, ғарыштық зерттеулер мен технологиялар, киберқауіпсіздікті арттыру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Конго Республикасы цифрлық инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жаһандық цифрландыру бастамаларына белсенді қатысуда. Осы салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту аталған мемлекетте цифрлық трансформацияны жеделдетуге көмектеспек. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартып, ұлттық киберқауіпсіздікті күшейтетін болады.
TSARKA қолдауымен