Қазақстан мен Қырғызстан цифрландыру және ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Қырғызстан цифрландыру және ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Адылбек Касымалиев цифрлық және ғарыш салаларында әріптестікті нығайтудың перспективаларын талқылады.

Қырғыз делегациясы сапар аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш орталығына және Қазақстан Республикасының Цифрлық үкімет кеңсесіне барып, Қазақстанның осы бағыттардағы негізгі жетістіктерімен танысты.

Экономика мен экология үшін ғарыштық технологиялар

Ұлттық ғарыш орталығында қазақстандық мамандар Жерді қашықтықтан зондтау және ғарыштық мониторинг саласындағы әзірлемелерін ұсынды. Бұл технологиялар:

● табиғи ресурстарды басқару және қоршаған ортаны бақылау,

● ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйін қадағалау,

● төтенше жағдайларға жедел ден қою,

● рұқсатсыз қоқыс үйінділері мен жерді заңсыз пайдалануды анықтау үшін қолданылады.

Цифрлық бастамалар және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру

Цифрлық үкімет кеңсесінде қырғыз тарапы мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға арналған цифрлық шешімдермен танысты. Олардың ішінде:

«Әлеуметтік әмиян» – атаулы мемлекеттік көмекті проактивті түрде ұсынатын платформа.

«Отбасының цифрлық картасы» – 6 миллионнан астам қазақстандық отбасы туралы әлеуметтік әл-ауқат деректерін жинақтайтын жүйе. 100-ден астам көрсеткіш бойынша талдау жүргізіліп, өңірлерге қатысты ұсынымдар әзірленеді.

Ұлттық жасанды интеллект платформасы – мемлекеттік басқарудың негізгі салаларына жасанды интеллект шешімдерін енгізуге арналған құрал.

eOtinish бірыңғай өтініштер қабылдау жүйесі және eNotary нотариаттық жүйесі – мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен автоматтандырылуын арттырады.

Инновациялар және цифрлық сервистердің дамуы


Сапар барысында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық пен мемлекеттік басқаруды автоматтандыру тәжірибесімен алмасу перспективалары талқыланды. Қазақстан цифрлық сервистерді белсенді түрде енгізуде, бұл олардың танымалдылығының артуымен расталады:

● eGov мобильді қосымшасын пайдаланушылар саны 10 миллионға жетті.

● Қызмет көрсету саны 1 000-ға жуықтап, жалпы көрсетілген қызметтер 72 миллионнан асты.

Тараптар цифрландыру және ғарыштық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ортақ бастамалар екі елдің технологиялық дамуын жеделдетуге ықпал ете алады.

TSARKA қолдауымен