Қазақстан мен Руанда АКТ және ғарыштық жүйелерді дамыту саласында ынтымақтастық орнатад

Қазақстанға ресми сапары және Астана халықаралық форумына қатысуы аясында Руанда Республикасының Президенті Поль Кагаме «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ұлттық ғарыш орталығында болды.
Сапар барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Руанда делегациясын Қазақстанның ғарыш саласындағы қызметімен, Жерді қашықтықтан зондтау, спутниктік байланыс және ғарыштық технологияларды дамыту бойынша негізгі жобалармен таныстырды. Кездесу барысында геоақпараттық сервистер, мониторинг және экологиялық талдау салаларындағы озық шешімдерді қолдану мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы мен Руанда Ғарыш агенттігі арасындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақордадағы ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Руанда Республикасының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылған болатын. ЦДИАӨМ-мен меморандумға қол қою – аэроғарыш саласындағы өзара іс-қимылды нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.