Қазақстан мен Түркия инвесторлары екі елдің мемлекеттік облигациялар нарығына тікелей қол жеткізе алады

Қазақстан мен Түркия инвесторлары екі елдің мемлекеттік облигациялар нарығына тікелей қол жеткізе алады

Қазақстанның Орталық депозитарийі (KCSD) мен Merkezi Kayıt Kuruluşu A.Ş. (MKK) Түркияның орталық бағалы қағаздар депозитарийі және сауда репозиторийі екіжақты байланыс орнатты. Бұл байланыс нарық қатысушыларына Түркия мен Қазақстан қаржы құралдарына тиімді әрі қауіпсіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алматыда өтіп жатқан WFC2025 форумы аясында Қазақстан мен Түркияның Орталық депозитарийлері мүшелік және өзара шот ашу туралы келісімге қол қойды. Техникалық интеграция аяқталғаннан кейін жүйе толықтай іске қосылады. Жаңа құрылым омнибустық шоттар арқылы мемлекеттік қарыздықбағалы қағаздарын сақтау мен есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл пост-трейд тиімділігін арттырады, операциялық кедергілерді азайтады және трансшекаралық қатысуды кеңейтеді. Өтімділікті қалыптастыруды қолдау үшін жасалған бұл көпір екі нарық арасындағы интеграцияны одан әрі нығайтады.

«MKK-пен ынтымақтастық қазақстандық инвесторларға Түркияның мемлекеттік облигациялар нарығына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар түрік инвесторларын біздің капитал нарығымызға тартады. Бұл трансшекаралық инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтумен қатар, пост-трейд тиімділігін арттырып, капитал нарықтарымыз арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түседі»,  деді KCSD басқарма төрағасы Едил Медеу

MKK бас директоры және директорлар кеңесінің мүшесі доктор Экрем Арыкан:

«Қазақстанның Орталық депозитарийімен (KCSD) орнатылған бұл тікелей байланыс бауырлас еліміздің қаржы инфрақұрылымымен интеграцияны кеңейтіп, өңірлік байланыстарды дамытады. 2021 жылы Әзербайжанның Орталық депозитарийімен (MDM) құрылған екіжақты байланыстың жалғасы ретінде KCSD-мен орнатылған көпір Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің нарықтарын интеграциялаудағы келесі маңызды қадам болып отыр. Бұл біздің ұйымға мүше елдердің барлық қаржы инфрақұрылымдарымен байланыс орнату стратегиялық мақсатымызды ілгерілетеді және ортақ қаржы инфрақұрылымын құруға жол ашады. Омнибустық шоттар арқылы мемлекеттік қарыздық бағалы қағаздарына өзара қол жеткізу қатысуды жеңілдетіп, пост-трейд тиімділігі мен өтімділігін арттырады және екі ел мен өңірлік нарықтағы халықаралық инвесторлардың қатысуын кеңейтеді деп күтеміз»,  деді.

Осы жылғы форумның негізгі тақырыбы - «Бағалы қағаздар орталық депозитарийлерінің эволюциясы: пост-трейдингтікинфрақұрылымның қиындықтары, мүмкіндіктері және болашағы». Алматыға 50-ден астам елден 80 қаржы ұйымының сарапшылары нарықтың ең өзекті мәселелерін, өзгермелі қаржылық ландшафттағы орталық депозитарийлердің рөлі, реттеушілік өзгерістер, пост-трейдинг инфрақұрылымдағы жаңа трендтер, есеп айырысу тиімділігін арттыру, ЖИ мен блокчейнді енгізу және басқа да көптеген тақырыптарды талқылау үшін келді. Шараға қаржы нарықтарының инфрақұрылымы саласындағы 250-ден астам сарапшы жиналды.

Іс-шараға қолдау көрсеткендер:

·   ​Clearstream халықаралық депозитарийі (Люксембург)

·   ​Nasdaq жетекші жаһандық технологиялық компаниясы (АҚШ)

·   ​Montran қаржылық технологиялар саласындағы көшбасшы (АҚШ)

·   ​Thomas Murray жаһандық тәуекел сарапшысы (Ұлыбритания)

·   ​CMA Small Systems капитал нарығына арналған инновациялық шешімдер (Швеция)

·   ​Vermiculus Financial Technology - биржалар мен депозитарийлерге арналған технологиялар (Швеция)

·   ​КАСС клирингтік орталығы (Қазақстан)

·   ​Merkezi Kayıt Kuruluşu A.Ş. Түркияның бағалы қағаздар орталық депозитарийі (Түркия)

·   ​Freedom broker биржалық брокері, инвестициялық компаниясы (Қазақстан)

·   ​Romer Capital инвестициялық компаниясы (Кипр)

TSARKA қолдауымен