Қазақстан мен Венгрия ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастығын нығайтып жатыр

ҚР ЦДИАӨМ-де министр Жаслан Мадиев пен Шығыс Еуропадағы ақпараттық, телекоммуникациялық және қорғаныстық цифрлық технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі — венгрлік 4iG Group холдингінің делегациясы арасында ресми кездесу өтті.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ мен 4iG Group-тың еншілес ұйымы – 4iG Space and Defence Technologies Private Limited Company арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сапар аясында венгрлік делегация Ұлттық ғарыш орталығына барып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ghalam» ЖШС қызметімен, сондай-ақ ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақ кешенінің (ҒАҚСК) жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, қонақтарға ғарыш ғылымы саласындағы жобаларды қоса алғанда, Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының (ҰҒЗТО) қызметі таныстырылды.
Сапар соңында делегация мүшелері Алматы қаласында 8–9 қыркүйек күндері өтетін SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2025 форумына шақырылды.