Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет пайда болды

«Астана-Алматы» бағыты бойынша №3/4 пойызының жолаушылары жолда интернетке қосыла алды. Бұл рейс теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу жобасы аясындағы пилоттық жобаға айналды.
Бұл МЦРИАП пен Eutelsat-OneWeb арасындағы келісімнің арқасында мүмкін болды. Жоба елдің шалғай аймақтарында дәстүрлі қосылу тәсілдері шектеулі немесе қолжетімсіз жерлерде тұрақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Jusan Mobile – пойызда интернетті Eutelsat-OneWeb корпорациясының спутниктік жүйелерін пайдалану арқылы іске қосқан әлемдегі алғашқы компания.
Осылайша, 25 қаңтарда Jusan Mobile, Eutelsat-OneWeb-тің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы ретінде, «Eutelsat-OneWeb корпорациясының спутниктік жүйелерін пайдалану арқылы пойыздарда интернет» атты бірегей пилоттық жобаға белсенді қатысты. Jusan Mobile тек спутниктік жабдықты – Kymeta Hawk U8 антеннасын жеткізумен, монтаждаумен және орнатумен ғана емес, сонымен қатар спутниктік терминалды қолданыстағы медиапорталмен біріктіру жұмыстарын жүргізді.

Тестілеу сәтті өтті: пойыздың бүкіл жолында желіге қосылудың тұрақтылығы байқалды, қосылудың орташа жылдамдығы 50-100 Мбит/с құрады. Антенна -40 градус аязда жұмыс істейді.
Пойыздардағы интернет заманауи спутниктік технологияларды пайдалану арқылы қосылады, бұл жолаушыларға мессенджерлерді, видеохостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді бүкіл жол бойы пайдалануға мүмкіндік береді.
Көптеген жолаушылар бірден WhatsApp арқылы бейнеқоңырау шалып, YouTube-тен бейнелер көріп, басқа да танымал сервистерді пайдалана алды. Жолаушылардың айтуынша, жаңа қызмет әсіресе ұзақ маршруттарда сапарды әлдеқайда ыңғайлы етеді.
Қосылу жылдамдығы 50-100 Мбит/с құрап, интернетті ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді, дегенмен торренттер мен ағынды жүктеуге қолжетімділік шектеледі.
Жобаны іске асыру Цифрландыру және көлік министрлігі, Jusan Mobile телекоммуникациялық компаниясы, Eutelsat-OneWeb-тің Қазақстандағы ресми дистрибьюторының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды. Жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернет беру мақсатындағы жоба аясында OneWeb спутниктік байланысы мен Jusan Mobile жерүсті желісі пайдаланылды.
Болашақта бұл жолаушыларды бүкіл сапар бойы үздіксіз және сенімді байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі әлемде ақпаратқа қолжетімділік пен жақындармен байланыста болу қажеттілігі артып отырған жағдайда өте маңызды.