Қазақстан ТМҰ аясында Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

Мемлекет басшысы Ұйым аясында жүзеге асыруға болатын бірқатар бастамаларды ортаға салды.
«Жуырда Астанада Alem.Aі Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Сол орталықтың базасында Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынамын. Бұл орталық стартаптарды қолдап, бірлескен жобаларды дамытып, ЖИ саласында тәжірибе алмасуға және венчурлық капитал тартуға ықпал ететін болады. Цифрландыру мен ЖИ әлеуетін халық игілігі үшін тиімді пайдалану, сондай-ақ жаңа технологиялармен байланысты тәуекелдер мен сын-қатерлердің алдын алу қажет. Сондықтан келесі жылы Қазақстанда өтетін Ұйымның бейресми саммитін «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арнауды ұсынамын. Біз осы кездесудің қарсаңында білікті сарапшылардың қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастыруға дайынбыз», – деді Президент.