Қазақстан цифрландыру саласында Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілеріне оқыту жүргізеді

ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі "KOICA" кореялық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп "Достық-Цифрландыру" бағдарламасы шеңберінде семинар өткізеді.
Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген мемлекеттік қызметшілер қатысады. Бағдарлама жасанды интеллект, электронды үкіметтегі инновациялар, мемлекеттік басқару реформалары, әлеуметтік инновациялар, ашық деректер мен интеграция бойынша дәрістер мен практикалық семинарларды қамтиды.
Цифрландыру деңгейі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұрған Қазақстан әріптес елдермен осы саладағы үздік тәжірибелерімен және табысты кейстерімен бөліседі. Семинар Оңтүстік Кореядан келген қазақстандық жетекші сарапшылар мен шақырылған мамандардың қатысуымен Astana Hub базасында өтуде.
Олардың қатарында өнеркәсіпте, энергетикада және мұнай-газ секторында қолданылатын отандық QazTWIN цифрлық егіздер платформасы бар. Ол 3D-визуализацияны, болжамды талдауды және деректерді нақты уақыт режимінде мониторингтеуді қамтамасыз етеді.

Бағдарламаға қатысу KazAID грантының арқасында өтеусіз негізде ұсынылады, ал шетелдік қатысушылар үшін Астана бойынша мәдени бағдарлама көзделген.
"Қазақстан бүгінде өңірде цифрландыру бойынша көшбасшы орынға ие және біз бұл тәжірибемен бөлісе алатынымызға қуаныштымыз. Дамуға ресми көмек көрсету аясында біз білімімізді жеткізіп қана қоймай, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтамыз", - деді KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов.