Қазақстан Ұйым аясында киберқауіпсіздік жөніндегі Кеңес құруды ұсынады

Қазақстан Ұйым аясында киберқауіпсіздік жөніндегі Кеңес құруды ұсынады

Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің түркі мемлекеттері кеңістігінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті және бейбітшілікті нығайту ісіндегі бірегей рөлі мен әлеуетін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген елдердің шекарасы жоқ жаңа қатер – кибершабуылдарға тап болғанына назар аударды.

«Ұйым аясында мемлекеттеріміздің іс-қимылын үйлестіріп, күш-жігерін жұмылдыруға мүмкіндік беретін Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынамын. Сонымен қатар Кеңес цифрлық қауіпсіздікті дамытуға және осы саладағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Осы тақырыпқа арналған биылғы қыркүйекте Алматыда өткен конференция нәтижелері киберқауіпсіздік мәселелеріндегі ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді», – деді Президент. 

TSARKA қолдауымен