Қазақстан Ұлттық банкі ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын таныстырды.

Қазақстанның Ұлттық банкі Берлинде өткен World Money Fair халықаралық ақша көрмесінде ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын ұсынды. Жоба халықаралық сарапшылардың назарын аударды, олар инновациялық тәсілді, эксклюзивті дизайнды және қаржылық сауаттылықты арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
ÚKI негізгі ерекшеліктері:
● Ұлттық банктің дизайнерлері әзірлеген бірегей концепт.
● Монета Қазақстанның монета сарайында шығарылған және жоғары сапалы орындалуымен ерекшеленеді.
● Цифрлық түрде сатып алу және сақтау мүмкіндігі бар инвестициялық құрал.
ÚKI-ді қалай сатып алуға болады?
ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын Astana International Exchange (AIX) биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.
ÚKI цифрлық инвестициялық монетасы туралы толығырақ ақпаратты Ұлттық банктің ресми сайтынан және YouTube арнасынан табуға болады.