Қазақстан жасанды интеллект революциясын жеделдетуде: AqylTech және IT-Aiel арқылы 10 000+ жаңа маман

Қазақстан жасанды интеллект революциясын жеделдетуде: AqylTech және IT-Aiel арқылы 10 000+ жаңа маман

«TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы қаржылық сауаттылықты, цифрлық дағдыларды, жаңа жасанды интеллект мамандықтарын және болашақтың басқа да құзыреттерін дамытуға бағытталған екі ауқымды білім беру бағдарламасының — AqylTech және IT-Aiel — қорытындысын шығарды. Бұл жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ «Astana Hub» IT-стартаптарының халықаралық технопаркінің қолдауымен жүзеге асырылады. 2025 жыл AqylTech пен IT-Aiel жобалары үшін серпінді өсу жылы болды. Олар

Қазақстанның барлық өңірлерінен 10 000+ қатысушыны офлайн және онлайн оқумен қамтыды.

AqylTech жобасы туралы

AqylTech — жастарға арналған білім беру бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты — қаржылық сауаттылықты, жаңа ЖИ мамандықтарын (prompt-инженер, ЖИ чат-бот жасаушы, ЖИ графикалық дизайнер, бағдарламалық жасақтама тестировщигі), сондай-ақ цифрлық гигиена мен киберқауіпсіздік саласындағы құзыреттерді меңгеру.

2025 жылғы негізгі нәтижелер:

• 6 200-ден астам қатысушы (Қазақстан және шетел: Өзбекстан, Түркия)

• 18–25 жас — 1 966 (31%)

• 26–35 жас — 3 864 (62%)

• 18 жасқа дейін — 434 (7%)

93% — 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл AqylTech ерте мансаптық өсуге арналған бағдарлама екенін көрсетті.

Қатысушылардың қызмет түрлері бойынша құрамы:

• Студенттер — 1 346 (22%)

• Жұмыс істейтіндер — 2 204 (35%)

• Фрилансерлер — 551 (9%)

• Кәсіпкерлер — 442 (7%)

• Уақытша жұмыссыздар — 836 (13%)

• Үй шаруасындағы әйелдер — 883 (14%)

Әр төртінші қатысушының (27%) тұрақты табысы жоқ. Олар үшін бағдарлама — тек оқу емес, әлеуметтік қолдау мүмкіндігі.

Өңірлік қамту:

• Астана — 2 381 (38%)

• Алматы — 1 375 (22%)

• Алматы облысы — 325

• Ақтөбе облысы — 203

• Атырау облысы — 215

• Қалған өңірлер — 25-тен 187 адамға дейін

Қатысушылардың 60%-ға жуығы екі астанадан, бірақ аймақтардың үлесі де маңызды (40%). Ең белсенді — Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстары.IT-Aiel жобасы туралы

IT-Aiel — әйелдерге арналған бағдарлама. Мақсаты — цифрлық дағдыларды дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру және жаңа мансаптық мүмкіндіктер ашу. IT-Aiel әйелдерге IT-индустрияға кіру жолын ашады: жаңа мамандықтар (prompt-инженер, чат-бот жасаушы, ЖИ-дизайнер, Бағдарламалық қамтамасыз етудің тестілеуі және т.б.), сондай-ақ киберқауіпсіздік және кибералаяқтықтың алдын алу дағдылары.

Бағдарлама 2023 жылдан бері іске асырылып келеді, үш жыл ішінде 18 000-нан астам қыздар мен әйелдер оқудан өтті.

2025 жылғы негізгі нәтижелер:

• 4 000-нан астам әйел оқуды аяқтап, сертификат алды.

• Жас ерекшеліктері:

o 36–45 жас — 2 906 (71%)

o 45+ — 1 173 (29%)

AqylTech-тен айырмашылығы: IT-Aiel — 35 жастан асқан әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер бағдарламасы.

Қызмет түрлері бойынша құрамы:

• Жұмыс істейтіндер — 1 653 (41%)

• Үй шаруасындағы әйелдер — 711 (17%)

• Уақытша жұмыссыздар — 623 (15%)

• Кәсіпкерлер — 686 (17%)

• Фрилансерлер — 367 (9%)

Әрбір үшінші қатысушының тұрақты жұмысы болмаған (32%). Бұл IT-Aiel

әлеуметтік қолдау мен әйелдердің еңбек нарығына интеграциясын қамтамасыз етіп отырғанын дәлелдейді.

Өңірлік қамту:

• Астана — 1 529 (37%)

• Алматы — 844 (21%)

• Қарағанды облысы — 187

• Алматы облысы — 242

• Ақтөбе облысы — 168

• Батыс Қазақстан облысы — 105

• Қалған өңірлер — 16-дан 98 адамға дейін

Ең белсенді қатысушылар — Астана мен Алматыдан (58%). Бірақ аймақтардан келген үлес те жоғары — 42%.

Әлеуметтік әсер

• AqylTech 2025 жылы 1 600-ден астам жұмыссызға жаңа жұмыс табуға көмектесті.

• IT-Aiel 2025 жылы 1 334 әйелге мансапты қайта бастауға мүмкіндік берді.

• Қатысушылардың 70%-дан астамы бюджетті жоспарлауды және финтех-

қосымшаларды қолдануды бастады.

• Жобалар туралы 500 000+ адам медиа мен әлеуметтік желілер арқылы білді.

Дәйексөздер

Азиза Шужеева, «TechnoWomen» ҚҰ басқарма төрайымы: «AqylTech және IT-Aiel білімнің қоғамды трансформациялайтын күш екенін көрсетті. Біз жастар мен әйелдердің жаңа мамандықтарды меңгеріп, сенімді болып, еліміздің тұрақты болашағын қалыптастырып жатқанын көреміз. Әйелдер мен қыздардың цифрлық құзыреттерін дамыту, олардың экономикалық мүмкіндіктерін жаңа цифрлық экономикада кеңейту – ҚР Президентінің жанындағы Әйелер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басты міндеттерінің бірі болыптабылады. Соңғы үш жылда IT Aiel жобасы бойынша 18000 астам қыздар мен әйелдер оқудан өтті».

TSARKA қолдауымен