Қазақстанда 10 күннен кейін NVIDIA H200 негізінде жұмыс істейтін суперкомпьютер іске қосылады

Қазақстанда ұлттық суперкомпьютер құру жобасының негізгі кезеңдерінің бірі аяқталды — NVIDIA H200 негізіндегі барлық видеокарталар елге жеткізілді. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин хабарлады.
Алдағы күндері Алматыдағы «Қазақтелеком» деректер орталығында жабдықтарды орнату жұмыстары басталады. Суперкомпьютер шамамен 10 күннен кейін толық іске қосылады деп күтілуде.
«Арттырмай-ақ айтсақ, бұл өте қуатты құрылғы: 6,7 миллион CUDA-ядро, 1600 петафлопс есептеу қуаты және ондаған терабайт GPU жад», — деді Мусин.
Суперкомпьютер мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және корпоративтік клиенттерге қолжетімді болады. Оның ресурстары мынадай салаларда қолданылмақ:
- техногендік тәуекелдерді болжау және модельдеу,
- қалалық көлік қозғалысын жоспарлау,
- үлкен деректерді талдау негізінде медициналық диагностиканы қолдау,
- қазақ тілін және мәдени контексті түсінетін тілдік модельдерді оқыту,
- шетелдік серверлерге тәуелсіз жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу және іске қосу.
Жоба Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігі мен цифрлық егемендігін дамытудағы маңызды қадам болмақ.