Қазақстанда 2026 жылы электронды денсаулық паспорттары енгізіледі

Денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау аясында негізгі элемент — Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы, оны осы жылдың желтоқсанында іске қосу жоспарланған. Соның негізінде 2026 жылы азаматтар өздерінің толыққанды электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізе алады.
Қазіргі таңда отандық клиникаларда жасанды интеллект технологиялары КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау кезінде инсульт, өкпе және сүт безі қатерлі ісігін, сондай-ақ пневмонияны анықтау үшін белсенді қолданыла бастады. Бірқатар медициналық ұйымдарда дәрігерлерге зерттеу нәтижелерін жылдам талдауға көмектесетін ЖИ-ассистенттер жұмыс істеп жатыр.
Ақпараттық жүйелердің интеграциясы медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені 40%-ға дейін азайтты. Пациенттерді цифрлық сәйкестендірудің енгізілуі 8 ай ішінде медициналық қызметтердің артық пайдаланылуын 6,7 млрд теңгеге қысқартты, ал іске қосылған Бірыңғай төлем жүйесі ақауларды анықтау дәлдігін 4 есе арттырды.