Қазақстанда АҚШ, Қытай, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші маркетплейстеріне тікелей қолжетімділік беретін цифрлық сервистер құрылуда

Қазақстанда АҚШ, Қытай, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші маркетплейстеріне тікелей қолжетімділік беретін цифрлық сервистер құрылуда

«Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова Үкімет отырысында Қазақстанда жаһандық электронды сауда тауарларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық сервистер құрылып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, QAZPOST KERUEN АҚШ, Қытай, Германия және Оңтүстік Кореяның жетекші маркетплейстеріне тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етіп, кедендік рәсімдеуді жеңілдетеді, ал пошта қызметтері тауарларды ел аумағында ыңғайлы жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Қазпоштаның дамыған инфрақұрылымы мен QazPost суперқосымшасының арқасында біз жаһандық eСom-ды Қазақстанның әрбір бұрышында қолжетімді етудеміз», — деп атап өтті Әсел Жанасова.

Электронды сауданың қарқынды өсуі – жаңа мүмкіндіктер көзі

«Қазпошта» АҚ басқарма төрайымы электронды сауданың қарқынды өсуі Қазақстан үшін ерекше мүмкіндіктер терезесін ашатынын айтты.

Ол бұл үрдіс аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына және Қазақстанның Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

«Бұл жерде Қазпоштаның негізгі рөлі – электронды сауда нарығы үшін сенімді инфрақұрылым қамтамасыз ету», — деп атап өтті Әсел Жанасова.

Спикердің айтуынша, 2029 жылға қарай бір адамға шаққандағы сәлемдемелер саны дамыған елдердің деңгейіне жетіп, қазіргі бес сәлемдемеден жылына 27 сәлемдемеге дейін артады. Бұл жергілікті ойыншылардың да, трансшекаралық сауданың да өсуіне ықпал етеді, оның үлесі 19%-ға жетеді.

TSARKA қолдауымен