Қазақстанда алақан биометриясы арқылы төлем жасау жүйесі таныстырылды

Қазақстанда алақан суреті бойынша биометриялық сәйкестендіруді пайдаланатын инновациялық төлем жүйесі әзірленді. Жаңа POS-терминал Digital Almaty халықаралық форумында Alaqan компаниясы тарапынан ұсынылды.
Құрылғы төлем жасау үшін картаны немесе телефонды алып жүрудің қажеті жоқ – алақанды жақындату жеткілікті. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл технология оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде ғимараттарға кіру үшін қолданылады, ал енді оны сауда кезінде банктік терминал ретінде енгізу жоспарланып отыр.