Қазақстанда алғаш рет IT-архитекторлар академиясы құрылды
Министрлік жасанды интеллект және цифрлық даму жанындағы Цифрлық үкіметті қолдау орталығы IT-архитекторлар Академиясының іске қосылғанын жариялады. Бұл – цифрлық мемлекет мамандарының архитектуралық құзыреттерін дамытуға бағытталған жаңа білім беру бастамасы.
Академия IT-архитекторлар үшін практикалық алаңға айналады: мұнда мамандар идеядан бастап архитектура мен жасанды интеллектті енгізуге дейін ІТ-ді тұтас жүйе ретінде қарауды үйренеді. Бағдарлама төрт модульден тұрады:
- Бизнес-процестерді реинжинирингтеу
- IT-архитектураны жобалау
- Жасанды интеллект: нөлден прототипке дейін
- Жобалық басқару арқылы жобаларды тиімді жүзеге асыру және бизнес-мақсаттарға жету
Оқыту 2025 жылдың желтоқсанында басталады. Бірінші лек үшін қатысу тегін. Өтінімдер 2025 жылдың 20 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін govtec.kz сайтында қабылданады.
2025 жылдың тамызында Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бастамасымен Архитектуралық кеңес құрылған болатын. Ол барлық орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды және «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты квазимемлекеттік сектор ұйымдарын қамтиды.