Қазақстанда алғаш рет цифрлық қаржы активтерін құқықтық реттеу енгізіледі

Қазақстанда алғаш рет цифрлық қаржы активтерін құқықтық реттеу енгізіледі

Мәжіліс бірінші оқылымда қаржы жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізетін «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасын мақұлдады.

Негізгі жаңалықтар:

Жаңа лицензия жүйесі.

Банктер екі санатқа бөлінеді — базалық және әмбебап лицензиясы бар. Шағын банктер үшін капитал, есептілік және тексеру талаптары жеңілдетіледі.

Цифрлық активтер мен криптовалюта.

Қазақстанда алғаш рет цифрлық қаржы активтеріне құқықтық реттеу енгізіледі:

• валютамен байланыстырылған стейблкоиндер,

• активтермен қамтамасыз етілген токендер,

• цифрлық форматтағы қаржы құралдары.

Сонымен қатар, реттелетін криптобиржалар құрылады және цифрлық теңгенің ұлттық валютаның жаңа түрі ретіндегі мәртебесі заңмен бекітіледі.

Қаржы технололиясы мен исламдық банкингті дамыту.

Банктерге исламдық өнімдер ұсынатын бөлімшелерді бөлек лицензиясыз ашуға рұқсат беріледі.

Клиенттерді қорғау.

Банктер және микроқаржы ұйымдарымен дауларды шешу үшін бірыңғай қаржы омбудсманы кеңсесі құрылады. Омбудсман шешімдері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Банк дағдарыстарын реттеудің жаңа тетігі.

Қалпына келтіру жоспарлары, қарыздарды капиталға айырбастау және мемлекеттің банк капиталына уақытша қатысуы қарастырылады — бәрі қатаң бақылаумен.

Құжат Президенттің тапсырмасына сәйкес әзірленген және қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру мен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған.

TSARKA қолдауымен