Қазақстанда бұлтты технологияларды реттеу мәселелері талқыланды
2024 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда бұлтты сервистерді (Cloud Policy) реттеу мәселелеріне арналған воркшоп өтті. Талқылауға Air Astana, Google, FIBO Cloud, Microsoft, EPAM, EY және KPMG сынды халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бұлтты технологиялар саласындағы реттеуші шектеулер, деректерді басқару және бұлтты сервистерді реттеудің ерекшеліктері сияқты тақырыптар болды.
Сарапшылар инновацияларды дамытуға және заманауи шешімдерді енгізуді жеңілдетуге ықпал ететін теңгерімді нормативтік ортаны құру үшін жеке және мемлекеттік секторлар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.