Қазақстанда энергетика мен ТКШ-ны жаңғыртуға арналған электрондық сатып алу платформасы іске қосылады

Қазақстанда энергетика мен ТКШ-ны жаңғыртуға арналған электрондық сатып алу платформасы іске қосылады

2025 жылдың қарашасынан бастап энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба аясында электрондық сатып алу платформасы іске қосылады.

Платформа «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС электрондық сатып алу жүйесінің базасында құрылып, аталған компания оның әкімшісі болып белгіленді. Енді табиғи монополия субъектілері өз нысандарын жаңғыртуға өтінімдерді онлайн түрде бере алады, ал олардың қаралуы мен мақұлдану процесі толығымен цифрлық форматта жедел өтетін болады.

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингілеу қағидаларына сәйкес, өтінімдерді келісу мерзімдері нақты регламенттелген.

Сатып алу рәсімдерін цифрландыру Ұлттық жобаны тиімді іске асырудың негізгі тетігі ретінде қарастырылады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев платформаны әзірлеу барысын жеке бақылауына алып, оны қараша айында пайдалануға беруді тапсырды.

Платформаны іске қосу үшін алдын ала қажетті нормативтік база дайындалды. 2025 жылдың қыркүйегінде Индустрия және құрылыс министрлігінің бұйрығымен Ұлттық жоба аясындағы электрондық платформаның жұмыс істеу қағидалары бекітіліп, жауапты органдар мен жұмыс регламенттері анықталды.

Барлық нұсқаулықтар мен ресми құжаттар МӨКС-тің ресми сайты — modernization.kz порталында қолжетімді, онда қатысушылар талаптармен алдын ала таныса алады.

TSARKA қолдауымен