Қазақстанда есептегіш құралдардан деректерді автоматты түрде беру үшін жасанды интеллект жүйесі тестілеуден өтуде

Қазақстанда есептегіш құралдардан деректерді автоматты түрде беру үшін жасанды интеллект жүйесі тестілеуден өтуде

Қазақстанда газ есептегіштерінің көрсеткіштерін автоматты түрде жіберуге арналған пилоттық жоба іске қосылды. Жоба жасанды интеллект технологиялары арқылы жүзеге асырылуда және отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялау аясында QazaqGaz Aimaq компаниясы тарапынан іске асырылып жатыр.

Қосымша қазіргі таңда Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында тестілеуден өтуде. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астам пайдаланушы бұл цифрлық сервисті орнатып үлгерген, әсіресе Түркістан облысында шешім оң пікірлерге ие болды.

Қалай жұмыс істейді:

Пайдаланушы мобайл қосымша арқылы есептегіштің фотосын түсіреді. Жасанды интеллект автоматты түрде сандарды танып, деректерді жүйеге жібереді. Бұл:

  • бақылаушының келу қажеттілігін жояды;
  • түбіртектердің жылдамырақ жасалуына мүмкіндік береді;
  • қателіктердің туындау қаупін төмендетеді.

Компания мәліметінше, бұл қосымшаны қолдану операторлардың жүктемесін азайтады, есептеулердің ашықтығын арттырады және газды тұтынуға деген жауапкершілікті күшейтеді.

Жақын арада қосымшада пайда болатын жаңа функциялар:

  • төлемдер тарихы;
  • есептегіштерді тексеру мерзімі туралы ескертулер;
  • желідегі техникалық жұмыстар жөнінде хабарламалар.

Сондай-ақ әзірленіп жатқан мүмкіндіктер:

  • виртуалды көмекші;
  • адал пайдаланушыларға арналған бонустар мен кэшбэк жүйесі.

Бұл жоба ҚР Энергетика министрлігі тарапынан мемлекеттік цифрландыру стратегиясы мен халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында қолдау тапты.

TSARKA қолдауымен