Киберқауіпсіздік саласындағы сарапшы ЕО-дағы DMA заңына қатысты қазақстандықтардың жаңа бастамасына пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Еуропалық Одақта қабылданған Digital Markets Act (DMA) заңына қатысты петиция қызу талқыланып жатыр. Өйткені осыған ұқсас заң Қазақстанда қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ болашақта елімізде халықаралық компаниялардың (Apple және Sony) цифрлық қызметтерін локализациялау жүзеге аспақ.
Қазақстанда осындай заң қабылдау қаншалықты мүмкін және ол расымен де Sony компаниясының көптен бері келе жатқан мәселесін шешуге ықпал ете ала ма? Біз осы және өзге де сұрақтардың жауабын киберқауіпсіздік, IT және маркетинг саласындағы сарапшы Евгений Питолиннен сұрап білдік.
“ЕО қабылдаған DMA заңы менің ойымша, пайдаланушыларды қолдаудан гөрі, үлкен капиталдың өмірін қиындату үшін көбірек қызмет етеді. Сондықтан мен Қазақстанда «DMA заңының көшірмесін жасау» пайда әкеледі деп айтпас едім.
Егер де осы осыған ұқсас заң елде қабылданатын болса, онда ол монополияға қарсы сипатта болатынын ескеруіміз қажет. Яғни, оның жақсы және жаман тұстары болады. Біздің түсінігімізде монополия – тек нашар сипатқа ие. Белгілі бір жағдайда ол нарықтық тоқырауға алып келуі мүмкін. Ал шын мәніне келетін болсақ, монополист өз ресурстарын – қаржылық, зияткерлік, нарықты дамытуға жұмсауы тиіс. Бірақ басқалары өз кезегінде дымды да бітірмейді немесе сол ескі жолмен жүре береді.
Қазіргі уақытта FAANG компанияларының қызметкерлері үнемі ереуілге шығатын монополиялық апологтар сияқты көрінеді. Бірақ кезінде олар жұмысты ғажап істейтін компаниялардың тамаша үлгісі бола білгенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан еліміздегі осындай әрекет көп нәрсені өзгертеді деп үміттенбеу керек. Цифрландыру тұрғысынан алғанда бізде ондай қазақстандық монополистер жоқ екенін ескеруіміз қажет.
Қазір елімізде егер DMA заңы енсе, қауіпсіздік орнайды деген жаңсақ түсінік бар. Бұл – қате. Керісінше, мұның соңы анархия мен тәртіпсіздікке алып келеді. Мысалы, Apple корпорациясы бар. Apple компаниясында ара-тұра туындайтын барлық қауіпсіздік мәселелеріне қарамастан, iOS құрылғыларының жалпы жағдайы басқа платформаларға қарағанда әлдеқайда жақсы деп сенімді түрде айта аламын. Бірақ егер сіз macOS жүйесіндегідей тарату жинағын орнатуға рұқсат етсеңіз, қауіпсіздік, вирустар және мақсатты шабуылдар тұрғысынан сурет мүлдем қарама-қарсы болады.
Егер сіз басқа платформаларды алсаңыз, олардың үлкен қауіпсіздік тесігі бар екенін көруге болады, ал шын мәнінде, балама платформаларда қолданбаларды қалыпты бақылау жоқ. Сондықтан, кем дегенде, олардың дүкендерін алаяқтыққа тексеру керек - үнемі жүктелетін қолданбалар хабарламаларға, тіркелгілерге, бейнелерге, фотосуреттерге және т.б. кіруге рұқсатты талап етеді - енді сіз киберқылмыскерлердің құрбаны болу қаупінде тұрсыз.
Сандық рұқсат ету және ірі корпоративтік қолданбалар дүкендерінің рөлінің төмендеуі үлкен киберқауіпсіздік саңылауларын жасаудың рецепті болып табылады. Бұл жерде иллюзия болмасын.
Біз көбіне Sony және басқа да шетелдік платформалардағы мәселелерге қарағанда, экономикалық мәселелер туралы көбірек айтып отырмыз. Өйткені қазіргі уақытта барлығын штаб-пәтерден бастап жаһандық күн тәртібі шешетіні анық. Біздің нарық оларға қызығырақ болса, әңгіме басқаша болар еді. Бірақ олардың заңы біздің нарыққа негізделмеген ғой. Яғни, ол заңды қабылдағаннан біз ешнәрсе ұтпаймыз және ол заң біздегі мәселені шешіп бере алмайды”,- деді Евгений Питолин.
TSARKA қолдауымен