Қазақстандық ресурстарға тағы қауіп төнді: TSARKA ең ірі хакерлік BREACHFORUMS туралы айтады
Өткен аптада Telegram әлеуметтік желісінде ағаттық кетіп, соның салдарынан BreachForums хакерлер форумының бүкіл дерекқоры желіге тарады. Айта кетейік, бұл форум 2022-2023 жылдар аралығында жұмыс істеген. Олардың негізгі айналысатын жұмысы - зиянды бағдарламалар мен ұрланған деректермен сауда жасау саласындағы қызметімен тікелей байланысты.
BreachForums хакерлер форумында Қазақстаннан 15 хакер тіркелген деген дерек бар.
Ақпараттар ағыны 2022 жылдың 29 қарашасына дейінгі барлық деректерді, соның ішінде пайдаланушы идентификаторларын, хэштелген парольдерді, жеке хабарламаларды, форум кредиттерін сатып алу үшін пайдаланылатын криптовалюта мекенжайларын және сайттағы барлық хабарларды қамтиды.
Қолды болған ақпараттардың арасында өзіміздің елдегі ресурстар да бар:
* Сервистік станцияны басқару - Ресей және Қазақстан-резервтік
SQL көшірмесі, қол жетімділік және SCADA;
* Spark көлік-логистикалық компаниясының деректері;
* Шәкәрім атындағы университет студенттері мен талапкерлерінің деректер базасы;
* 24.06.2022 үшін B2B 2gis Қазақстан Толық дерекқорының ағуы;
* Қазақстан мен Ресейден Yandex Food
TSARKA Group негізін қалаушы Олжас Сәтиевтің айтуынша, бұл деректер бұрынғы ресурс әкімшісі Конор Брайан Фицпатридің дерекқорының сақтық көшірмесінен алынған.
Сондықтан мамандар киберқауіпсіздікке қатысты шараларды күшейтуге және аса сақ болуға шақырады. Сондай-ақ олар киберкеңістік пайдаланушыларын құпия сөздерді және басқа қауіпсіздік шараларын жедел жаңартуға үндейді.
Тек біздің елде ғана емес, өзге мемлекеттерде де деректердің қолды болғаны анықталды:
• Бизнес нысандарын сатумен айналысатын Өзбекстаннан келген 9 хакер;
• 100GB+ (Қазақстан – Қырғызстан – Өзбекстан) үшін төлқұжат пен сканерленген құжаттардың, банк үзінділерінің, KYC және т.б. үлкен деректер базасы;
• Яндекс Карталар базасында 1 200 000 бірегей электрондық хаттар (Әзербайжан – Қырғызстан – Өзбекстан);
• Fresh PayPal шоттары (Big Balances) (Әзірбайжан) не саудалайтындары белгісіз 5,09 миллион сатып алушы / сатып алушы деректері тек 2022 жылға ған тиесілі.
TSARKA қолдауымен