Қазақстанда маркетплейстерді өнімнің түпнұсқалығын тексеруге міндеттейді

Қазақстанда маркетплейстерді өнімнің түпнұсқалығын тексеруге міндеттейді

Қазақстанда маркетплейстер арқылы жалған және қауіпті өнімдердің сатылуын болдырмау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бекежан Жақеев мәлімдеді. Ол маркетплейстерде фальсификат пен қауіпсіздігі күмән тудыратын тауарлардың сатылуына жол бермеу үшін ұсынылып отырған шаралар туралы айтты.

ЕАЭО техникалық реттеу талаптары мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, аккредиттелген құрылымдармен өзара іс-қимылды жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының B2B-маркетплейстері деңгейінде міндетті түрде қолдануға арналған талаптарға сәйкестікті адал бағалау жөніндегі нұсқаулықты енгізу ұсынылады.

Оны жүзеге асыру механизмі мынадай:

  • Шетелдік өндіруші маркетплейс арқылы өнім сату үшін өнімнің сәйкестігіне жауапты уәкілетті тұлғамен келісімшарт жасасады.
  • Уәкілетті тұлға сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органда өнімді сәйкестендіруді жүргізеді. Егер өнім міндетті сәйкестік растауға жатпайтын болса — бас тарту хаты (идентификация актісі) рәсімделеді. Егер жататын болса, онда сертификат немесе декларация жүктелгеннен кейін ғана маркетплейсте тауарды жариялауға рұқсат беріледі.
«Бұл фальсификат пен қауіпті өнімдердің маркетплейстер арқылы сатылуын болдырмауға, адал тұтынушылар мен қазақстандық импорттаушыларды қорғауға, процесті ЕАЭО талаптарына сай етіп, цифрлық саудаға деген сенімді нығайтуға көмектеседі», — деді Бекежан Жақеев.

TSARKA қолдауымен