Қазақстанда медицина сапасын ЖИ негізінде мониторингтеу жүйесі құрылады

Президент медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып бақылаудың жаңа жүйесін құру қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы елде денсаулық сақтау жүйесін ауылдық ФАП-тардан бастап мамандандырылған клиникаларға дейін барлық деңгейде жаңғырту жалғасып жатқанын атап өтті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, жыл соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Қалаларда ірі орталықтар ашылды, олардың қатарында Астанадағы онкоорталық пен Алматыдағы жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы бар.
«Бюрократиялық кедергілерсіз өңірлерде салынған көпсалалы ауруханаларды іске қосып, жаңа нысандардың құрылысын жалғастыру қажет. Бұл жобаларға МЖӘ аясында жеке инвестициялар тарту да маңызды. Сонда азаматтарға Астанаға қоныс аударудың қажеті болмайды», — деді Президент.
Фармацевтика өнеркәсібін дамытуға да ерекше назар аударылады. Отандық дәрі-дәрмектер өндірісін және ассортиментін ұлғайту стратегиялық маңызды міндет ретінде белгіленді, әсіресе пандемия тәжірибесін ескергенде.
ЖИ қолдана отырып цифрлық мониторинг жүргізумен қатар, медицина қызметкерлерінің мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын көтеру шаралары жалғасады.