Қазақстанда мемлекеттік қызметтер үшін 50-ден астам виртуалды көмекші құрылмақ
Жыл соңына дейін Қазақстанда жасанды интеллект негізінде 50-ден астам виртуалды көмекші әзірленуі жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин Сенат отырысында хабарлады.
Виртуалды көмекшілердің негізінде 2024 жылдың соңында жасалған үлкен тілдік модель жатыр. Модель 100 миллиард токенді қамтиды және төрт тілді қолдайды: қазақ, орыс, түрік және ағылшын.
Қазірдің өзінде Egov, E-otinish және құқықтық жүйе сервисімен интеграцияланған жеті цифрлық шешімнің демо-нұсқалары әзірленген.
Жыл соңына дейін виртуалды көмекшілер саны 50-ге дейін көбейеді. Бұл мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті айтарлықтай жақсартып, азаматтардың цифрлық сервистермен өзара әрекеттесуін ыңғайлы етеді.