Қазақстанда Neo Nomad визасы енгізілді. Оны қалай алуға болады?

Қазақстанда Neo Nomad визасы енгізілді. Оны қалай алуға болады?

Қазақстанда Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза жұмыс пен демалысты қатар алып жүретін шетелдік туристерге арналған. Жаңа визалық режим 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесін ескеретінін атап өтті.

«Туризм және спорт, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Қазақстан қазіргі заманғы көшпенділер үшін саяхат картасының бір бөлігіне айналды. Олардың саны әлем бойынша 35 миллионнан асады және біз оларды өз елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасаймыз. Оның үстіне, Алматы мен Астана қазірдің өзінде неономадтарға тартымды 150 қаланың қатарына кіреді», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Визаны қалай алуға болады?

Neo Nomad визасын алу үшін шетелдік азамат Қазақстаннан тыс жерде айына кем дегенде $3 мың тұрақты табыс барын растауы қажет. Сондай-ақ, шетелдік үміткерлерге медициналық сақтандыру мен соттылығының жоқтығы туралы анықтама қажет болады. Бұл виза бағдарламалау, маркетинг, қаржы, консалтинг, дизайн және электрондық коммерция сияқты әртүрлі салаларда қашықтан жұмыс істейтін туристерге арналған.

Министрлікте визаны 500 адам алатын болса, визаны енгізуден экономикалық тиімділік жылына шамамен 3,6 млрд теңге болады деп күтуде.

TSARKA қолдауымен