Қазақстанда өңірдегі ең ірі гипермасштабталатын деректер орталығы құрылуда

Қазақстанда өңірдегі ең ірі гипермасштабталатын деректер орталығы құрылуда

Қазақстан Сингапурлық GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректер өңдеу орталықтарын (ЦОД) салу бойынша стратегиялық маңызды жобаны іске қосуда. Инвестормен жасалған келісім туралы тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы 200 МВт IT-қуаты бар екі деректер орталығын салу және пайдалану үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Үкімет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арқылы жобаны іске асыруға белсенді қатысып, оны мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл жоба бұлттық технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік базаны қалыптастыруға бағытталған.

Мұндай деректер орталықтарын құру Қазақстанға Microsoft, Google, Amazon сияқты халықаралық технологиялық алыптарды, сондай-ақ үлкен деректер мен машиналық оқытумен айналысатын компанияларды тартуға мүмкіндік береді.

Жоба цифрлық экономиканың дамуына серпін беріп, жоғары жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазақстан IT-қызметтер экспортының көлемін айтарлықтай арттырып, жергілікті IT-компаниялардың халықаралық нарықтардағы орнын кеңейтіп, жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін нығайтуды көздеп отыр.

Осылайша, ЦОД-тың іске қосылуы Қазақстанның Орталық Азиядағы цифрлық хаб ретіндегі позициясын күшейтіп, IT-қызметтер экспортын дамытуға жағдай жасайды.

Жобаның алғашқы кезеңі 2027 жылы, ал толық іске қосылуы 2030 жылға жоспарланған.

TSARKA қолдауымен