Қазақстанда осал инфрақұрылымды қорғау бойынша ауқымды кибержаттығулар сәтті аяқталды

Қазақстанда осал инфрақұрылымды қорғау бойынша ауқымды кибержаттығулар сәтті аяқталды

Қазақстанда ұйымдардың осал инфрақұрылымын қорғауға дайындығын тексеруге бағытталған ірі кибержаттығулар сәтті өтті. Жаттығуларға ақпараттық қауіпсіздік бойынша жетекші операциялық орталықтар (ОЦИБ) қатысып, шынайы киберқатерлерді модельдеуде бақ сынасты. Қатысушылар қорғаныс әрекеттерін орындап (Blue Team), сондай-ақ шабуылдаушы операциялар (Red Team) жүргізді.

КВОИКИ қорғау бойынша жаттығулардың басты мақсаты – ұйымдардың, олардың инфрақұрылымының және қызметкерлерінің киберқауіптерге шынайы дайындығын тексеру болды. Бұл жаттығуларда екі негізгі мәселе қойылды: ұйым ішіндегі инфрақұрылым мен персоналдың қорғанысқа қаншалықты дайын екендігі және сыртқы зерттеушілердің осал тұстарды табу мен қолданудағы шеберлігі. Аталған жаттығулардың мақсаты – Red Team (шабуылдау, осалдықтарды зерттеу) және Blue Team (инфрақұрылымды қорғау) командаларының қабілеттерін тексеру болды.

Қатысушылар сыртқы кибершабуылдардан бастап ішкі инциденттерге дейінгі кең ауқымды қауіптермен бетпе-бет келіп, қысқа уақыт ішінде күрделі сценарийлерге жауап беруге дайындық деңгейін көрсетті.

Digital Qalqan компаниясының ОЦИБ директоры Аскар Сандыбаев жаттығулар нәтижесі бойынша:

«Red Team мен Blue Team дағдыларын бір уақытта көрсету – өте күрделі міндет. Әдетте командалар белгілі бір салаға, яғни қорғанысқа немесе осалдықтарды зерттеуге маманданады. Сондықтан Digital Qalqan зерттеушілерінің екі категорияда да үздік нәтиже көрсетуі – ерекше жетістік. Blue Team ретінде біздің мамандар күрделі кибершабуылдарға тойтарыс беріп, қауіптерді дер кезінде анықтап, залалсыздандырды. Ал Red Team командасы шабуылдаушы операцияларда жоғары деңгейін көрсетіп, қорғаныс жүйелерін айналып өтіп, осалдықтарды тапты», – деп атап өтті.

Осылайша, Қазақстандағы қауіпсіздік зерттеу саласындағы мамандардың дайындық деңгейі жоғары екені айқын, бұл салада біліктілік артып, сапалы сараптамаға сұраныс өсуде. Алайда цифрлық қорғаныс мамандары үшін босаңсуға әлі ерте – жаттығулар көрсеткендей, көптеген ұйымдардағы қорғаныс тәсілдері мен киберқауіпсіздік даярлығы әлі де жетілдіруді талап етеді.

Digital Qalqan компаниясы туралы

Digital Qalqan компаниясы 2020 жылы құрылған және ақпараттық қауіпсіздік бойынша ОЦИБ лицензиясының иегері. Компания ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жетекші әлемдік және қазақстандық бағдарламалық жасақтама және жабдық өндірушілерімен серіктес. Компанияның сарапшылары GERT, C|EH, C|SA, C|TIA, E|CIH, C|HFI, C|ND және C|CISO сертификаттарына ие, бұл олардың терең білімі мен дағдыларын растап, ақпараттық ортаңыздың сенімді қорғалатынын қамтамасыз етеді.

TSARKA қолдауымен