Қазақстанда отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай жүйесі құрылады
Қазақстанда отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Әккенженов хабарлады. Ол қазіргі уақытта «Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» атты салалық платформаны іске асыру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесі де белсенді түрде қарастырылып жатыр. Бұл туралы да Үкімет отырысында Ерлан Әккенженов айтты.
Министрдің айтуынша, осы мақсатта саладағы жетекші компаниялар өкілдері қатысатын «ТЭК саласына жасанды интеллект енгізу жөніндегі акселерациялық топ» құрылған.
Министр сондай-ақ, осы бағытта ЖИ шешімдері бар жаһандық вендорлар мен IT-компаниялардан құралған AI-альянстың құрылғанын атап өтті.
Отандық IT-разработчиктерді қолдау мақсатында министрлік пен Astana Hub резиденттері арасында ЖИ шешімдерін бірлесіп сынақтан өткізу және енгізу туралы меморандумдарға қол қойылды.
Энергетикалық нысандардың жұмысы онлайн-мониторинг жүйесі арқылы бақыланатын болады. Үкімет отырысында Премьер-министр Энергетика министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін «Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін» құру және сүйемелдеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.