Қазақстанда пойыз қозғалысының онлайн-таблосы іске қосылды

Қазақстанда пойыз қозғалысының онлайн-таблосы іске қосылды

“Жолаушылар тасымалы” АҚ жолаушыларға пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін “Пойыз қозғалысының онлайн-таблосы” цифрлық сервисін енгізді. Енді вокзалға бармай-ақ, пойыздардың келуі, жөнелтілуі және кестедегі өзгерістер туралы өзекті ақпарат алуға болады.

Жүйе жолаушылар пойыздарына орнатылған GPS-трекерлердің деректеріне негізделген. Ақпарат “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның Жағдайлық орталығына беріледі, ол тәулік бойы құрамдардың орналасуын қадағалап, онлайн-таблодағы мәліметтерді жаңартып отырады.

Қызметті қалай пайдалануға болады?

bilet.railways.kz сайтына кіріңіз.

• “Пойыз қозғалысының онлайн-таблосы” баннерін басыңыз.

• Картадан қажетті пойызды таңдаңыз.

• Сондай-ақ сервис tablo-railways.kz/kk сайтында қолжетімді.

Жолаушылар пойыз қозғалысын (картада қызыл түспен белгіленген) бақылап, кестені, станциялар тізімін, аялдау уақытын және болжамды келу уақытын тексере алады.

Tablo-railways.kz сайтында тағы қандай қызметтер қолжетімді?

• Билеттерді сатып алу

• Отырғызу талонын алу

• Талап бойынша билеттерді қайтару

• Пойыздар кестесін қарау

• Жүк бағасын есептеу калькуляторы

Онлайн-таблоның енгізілуі жолаушылардың қолайлылығын арттырып, теміржол тасымалдарын барынша ашық етеді.

TSARKA қолдауымен