Қазақстанда әр құрылыс нысанына бірегей нөмір енгізіледі

Қазақстанның жаңа Құрылыс кодексі жобасында әрбір құрылыс нысанына бірегей нөмір — сквозной идентификатор енгізу қарастырылған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспанов хабарлады.
Министрдің айтуынша, бірегей нөмір ғимараттар үшін ИИН-нің баламасы іспеттес болады. Ол нысанның бүкіл өмірлік циклін: жоспарлау мен сараптамадан бастап құрылысқа және кейінгі пайдалануға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Идентификатор мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүйесінде автоматты түрде беріледі және ғимараттың бүкіл мерзімі бойы сақталады.
Жаңашылдық құжаттардың жоғалу мәселесін шешіп, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Енді меншік иелері бірегей нөмір арқылы өз нысаны туралы барлық деректі таба алады: қай жерде орналасқанын, қалай салынғанын және оған қатысты қандай деректер тіркелгенін.
Министр мұндай жүйе құрылыс процестерін басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдететінін атап өтті.