Қазақстанда әр оныншы ата-ана баласына табыс табу схемасын ұсынған жағдайлар туралы біледі
Қазақстанда әр оныншы ата-ана (10%) баласына табыс табу схемасына қатысуды ұсынған жағдайлар туралы біледі, деп көрсетті «Касперский зертханасының» сауалнамасы*. Олардың жартысынан астамында бұл алаяқтық болып шықты (59%).
Балаларды алаяқтардан қорғау үшін, олармен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін талқылау маңызды. Мысалы, өте жомарт ұсыныстардан сақтану, интернетте өзі туралы көп ақпарат жарияламау және күмәнді бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу керектігін айту. Алайда мұны бәрі бірдей жасай бермейді: Қазақстанда әр бесінші ата-ана (20%) баласымен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін талқыламаған. Дегенмен олардың 14%-ы мұны жасау қажет деп санайды.
Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Касперский зертханасы» келесі әрекеттерді ұсынады:
• баланың барлық аккаунттарына сенімді құпиясөздерді орнатуға көмектесу. Құпиясөздер кемінде 12 таңбадан тұруы тиіс: бас әріптер мен кіші әріптер, сандар және арнайы белгілер;
• деректердің ұрлану қаупін азайту үшін барлық сервистерде екі факторлы аутентификацияны баламен бірге орнату;
• балаға жеке деректерін қажет болмаған жағдайда бөліспеуін және оларды күмәнді ресурстарға енгізбеуді үйрету;
• ата-ана бақылауына арналған арнайы бағдарламаларды қолдану;
• баланың пайдаланатын барлық құрылғыларына сенімді қорғаныс бағдарламасын орнату.
*Сауалнаманы «Касперский зертханасының» тапсырысы бойынша ОнИн компаниясы 2024 жылы Қазақстанда жүргізді. Жалпы 1001 адам сұралған.