Қазақстанда шетелдік онлайн-сатып алуларға жаңа тауар санаты мен салықтар енгізіледі

Мәжіліс ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізетін хаттаманы мақұлдады. Құжатқа сәйкес, халықаралық пошта арқылы келетін онлайн-сатып алулар енді жеке пайдалануға арналған тауарлар емес, “электрондық сауда тауарлары” ретінде рәсімделеді.
• Арнайы декларация енгізіледі – тіпті лимит (200 еуро, 31 кг) асырылмаса да
• $200-ге дейінгі тапсырыстар үшін декларация тегін
• Электрондық сауда операторы (мысалы, Қазпошта) жеткізу, кеден рәсімі және қайтарымға жауапты болады
• Салық өседі: қазіргі 15%-дан 17%-ға дейін, ал болашақта – 18%-ға жетуі мүмкін
Бұл ретте билік сатып алушылар үшін қауіпсіздік пен жеңілдіктер артады деп есептейді.