Қазақстанда Starlink-ке балама іздеуде: KazSat және OneWeb негізгі нұсқалардың қатарында

Қазақстанда Starlink-ке балама іздеуде: KazSat және OneWeb негізгі нұсқалардың қатарында

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Starlink спутниктік интернетін пайдалануға мүмкін шектеулердің себептерін түсіндіріп, қолжетімді баламалар туралы айтты.

Бұған дейін ведомство Thuraya, Iridium, Inmarsat және Starlink спутниктік жүйелерінің жеткізілуі мен пайдаланылуын шектеуді көздейтін бұйрық жобасын ұсынған болатын. Министрліктің мәліметінше, мұндай шектеулер ұлттық қауіпсіздік мәселелерімен байланысты, себебі Қазақстан заңнамасы шетелден басқарылатын байланыс желілерін пайдалануға тыйым салады. Алайда, бұйрық жобасы әлі де талқылау кезеңінде.

Starlink орнына не ұсынылады?

Қазақстан шетелдік спутниктік жүйелердің орнына отандық және халықаралық баламаларды қарастыруда:

 • KazSat және OneWeb – негізгі нұсқалардың қатарында. OneWeb Қазақстанда байланыс басқару орталығын салды, ал KazSat жүйесі шалғай аймақтарды интернетпен қамту үшін қолданылуы мүмкін.

 • Amazon Kuiper – Министрлік Amazon Kuiper Commercial Services LLC компаниясымен спутниктік байланыс және ғарыштық технологиялар саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 • Қытайдың спутниктік желісі – Қазақстан аумағында спутниктік байланыс басқару орталығын салу бойынша Shanghai Spacecom Satellite Technology Co., Ltd компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында бүкіл ел бойынша желіге қолжетімділікті кеңейту үшін қажетті инфрақұрылымды салу жоспарланған.

TSARKA қолдауымен