Қазақстанда студенттер арасында экологиялық білім мен тұрақты ойлауды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды

Қазақстанда студенттер арасында экологиялық білім мен тұрақты ойлауды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды

Азаматтық форум аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan және G-Global Жасыл экономика және даму коалициясы «ReStart» бірлескен жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына ресми түрде қол қойды. 

Жоспар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Ол ауқымды экологиялық апат қаупін ескере отырып, студенттерді Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және айналмалы экономиканы дамытуға бағытталған.

Қол қойылған Жоспардың мақсаты – экология, тұрақты даму және экологиялық білім беру саласындағы бастамаларды іске асыру үшін мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың іргелі платформасын құру.

Жоба экологиялық мәдениетті дамытуды, тұрақты даму қағидаттарын дәріптеуді және еліміздің жоғары білім беру жүйесіне «жасыл экономика» қағидаттарын енгізуді көздейді. Жоспардың негізгі міндеттерінің бірі –экологиялық білім беру және тәрбиелеу саласындағы жастар бастамаларына елеулі қолдау көрсету; жоғары оқу орындары базасында студенттік эко-клубтар мен ғылыми қауымдастықтардың ауқымын кеңейту; қалдықтарды бөлек жинау жобаларын іске асыру және «жасыл кампустарды» дамыту; «жасыл» жобаларды қолпаштау және серіктестер мен инвесторларды тартужәне т.с.с.

Жоспар CCI Kazakhstan компаниясының «3.2.1. Start!»жобасының он жылдық тәжірибесі мен жетістіктеріне негізделген. Биыл бұл жоба «ReStart» атымен жаңа форматқа көшіп, өз ауқымын тұрақты даму мен экологиялық білім беруге салаларына кеңейту арқылы пластикті бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамытудың ең ірі эко-платформасына айналды. 2024 жылдың өзінде ҚазМАУ, ҚБТУ, Satbayev University, ҚазҰАЗУ, Қозыбаев атындағы СҚУ және т.б. қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері 17 тоннадан астам пластикалық қалдық жинап, оны жаңа өнімдерге айналдырды.

2025 жылы жобаның тоғызыншы маусымына жалпы саны 100 мыңнан асатын студенті бар 14 жоғары оқу орны қатысты. Бір жыл ішінде студенттер 35 тоннадан астам пластик жинап, өткен маусымның көрсеткіштерінен асып түсті. Сондай-ақ, жоба аясында бүкіл ел бойынша 15 сенбілік өткізілді.

Жоспарға қол қою рәсімінде айтқан сөзінде CCI Kazakhstan корпоративтік және реттеу қатынастары жөніндегі директоры Алима Исембаева былай деді: 

«Биыл жоба өзінің он жылдық мерейтойын дамудың жаңа кезеңімен, жаңа «ReStart» есімімен атап өтуде. Енді жобаның миссиясы одан да кеңірек –Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарын қамтып, студенттердің күнделікті өміріне қалдықтарды жүйелі түрде бөлек жинау және тұрақты даму принциптерін енгізу.
Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жұмыс маңызды қадам болып табылады. Ол азаматтық қоғам, мемлекет және бизнес арасындағы тиімді серіктестік арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізіп, экологиялық жауапты ұрпақ қалыптастыруға болатынын көрсетеді».

Осы жылдар ішінде жоба аясында ондаған студенттік эко-клубтар құрылды, қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша көптеген бастамалар әзірленді, олардың көпшілігі жоғары оқу орындарының тұрақты тәжірибесіне айналды.

Атап айтқанда, Satbayev University пластикалық қақпақтарды жинау және оларды шағын сәулет пішіндерінің элементтеріне қайта өңдеу жүйесін енгізді, ҚазҰАЗУ «Жасыл кампус» жобасы жүзеге асырды, ал Қозыбаев атындағы СҚУ қайта өңделген пластиктен жасалған кәдесыйлар желісін әзірлеуде.

«ReStart» айтулы түлектерінің қатарына Rocket Plastic, Recycle Birge және EcoCashback сияқты стартаптар кіреді. Олар тұрақты инфрақұрылымға және қарқын дамып келе жатқан әлеуметтік кәсіпорындарға айналып үлгерді.

«ReStart» бастамасы тұрақты дамудың жаңа кезеңіне және 2030-Күн тәртібін жүзеге асыруға Қазақстанның қосар үлесіне айналуға бағытталған. 

«Мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуі үшін берік негіз болатынына біз кәміл сенеміз», деді Коалиция Басқарма төрағасы Алия Рахимбекова.

«Жасыл экономика үшін G-Global коалициясы» 2013 жылы құрылған сәтінен бастап Қазақстанда тұрақты даму және климаттық білім беру идеяларын дәріптейтінсараптамалық, әдістемелік және қоғамдық орталық болып табылады. 

Тараптардың пікірінше Жоспарды іске асыру «ReStart»жобасының табысты тәжірибесін кеңейтіп, тұрақты даму қағидаттарын еліміздегі жоғары оқу орындарының қызметіне енгізуге, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы экологиялық мәдениетті нығайтуға және академиялық қоғамдастық, бизнес және азаматтық сектор арасындағы серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді. 

TSARKA қолдауымен