Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша онлайн-портал іске қосылды

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша онлайн-портал іске қосылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, бірыңғай қоғамдық антикоррупциялық порталын ұсынды. Жаңа онлайн-ресурс сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша негізгі ақпаратты, білім беру материалдарын және кез келген адам пайдалана алатын интерактивті құралдарды біріктіреді.

Порталдың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерді жүйелеу және азаматтардың қатысуын арттыру.

Порталда келесі бөлімдер қолжетімді:

● Оқу курстары мен тесттер — сертификат алу мүмкіндігімен;

● Сыбайлас жемқорлық картограммасы — аймақтар мен лауазымдар санаттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат бар интерактивті карта;

● Азаматтарға арналған сауалнама — нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге пайдаланылады;

● Видеоматериалдар мен аналитика — Transparency International зерттеулерімен бірге;

● Волонтерлік қызмет бөлімі — белсенді ұйымдар туралы ақпарат және өтінім беру формасы;

● Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама жіберу формасы.

Порталға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайты және GOV.KZ мемлекеттік платформасы арқылы қол жеткізуге болады.

TSARKA қолдауымен