Қазақстанда тауар бағаларын суперкомпьютер арқылы болжайтын болады

Қазақстанда тауар бағаларын суперкомпьютер арқылы болжайтын болады

Суперкомпьютер ресурстары сауда ағындарын талдау және мемлекеттік реттеу үшін пайдаланылатын болады. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

Жоспар бойынша деректер Ұлттық статистика бюросы мен Қаржы министрлігінен жиналып, суперкомпьютерге жүктеледі. Компьютер тауар қозғалысын нақты уақыт режимінде талдай алады.

Жаңа жүйе мына міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

• экспорт пен импорт көлемін болжау;

• тауар бағасын бақылау және олардың өсу тәуекелдерін бағалау;

• сауда саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру.

Үлкен деректерді талдау негізінде мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерге кеңес бере алатын ЖИ-көмекшілер әзірленеді.

TSARKA қолдауымен